Кезекті рейд жұмыстары

Кезекті рейд жұмыстары

Бүгін, «Ана тілім-арым» еріктілер тобының мүшесі, тіл жанашыры Нұрбәтес Қасымқызы «Жилгородок» базарындағы көрнекі ақпарат мәтіндеріндегі заң бұзушылықтарға байланысты базардың директоры Болатбек Шакарбаевпен жолығып, тіл туралы заңнама талаптарын түсіндірді. Көрсетілген әдістемелік көмек нәтижесінде бірқатар көрнекі ақпарат мәтіндері түзетіліп, заң талаптарына сәйкестендірілді.