
23 желтоқсаны күні облыс әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының кезекті отырысы өтті. Отырысқа Әйтеке би, Шалқар аудандарынан құрамдас бөліктерді қайта атау бойынша 13 ұсыныс түсіп, комиссия мүшелері тарапынан барлық ұсыныстар оң қолдау тапты. Сондай-ақ, комиссияның жылдық жұмысы қорытындыланып, 2021 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.