БАСПАСӨЗ АҢДАТПАСЫ

БАСПАСӨЗ АҢДАТПАСЫ

Ағымдағы жылғы 25 желтоқсанда Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығы мен Ресей Федерациясы Орынбор қаласындағы халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Онлайн платформасында  қазақ тілін   үйретудің озық әдістері және қашықтан оқыту жүйесі» атты онлайн іс-шарасы өтеді.

Онлайн шараның мақсаты: Шетелдегі қазақ диаспорасының өкілдеріне ана тілін меңгеру үшін әдістемелік қолдау көрсету, Орынбор облысы қазақ диаспорасымен ынтымақтастықты нығайту.   

Онлайн шара барысында Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығының әдіскерлері мен оқытушылары қазақ тілін шетел тілі немесе екінші тіл ретінде оқыту әдістемесінің  тиімді-әдіс тәсілдері, қашықтан оқытудың артықшылықтары мен интернет ресуртары туралы шеберлік сағаттарын, презентациялық шолу, сұқбат өткізеді деп жоспарланып отыр.

2016 жылы өз бастауын  алған мемлекетаралық бұл игі шара ағымдағы жылдың өзінде бірнеше рет оффлайн форматында өткізілді. Елдегі төтенше жағдайға байланысты шара онлайн платформасында өз жалғасын тауып отыр. Онлайн шараға қазақ тілін үйренуге ниетті Орынборлық қандастар, ана тілі (қазақ тілі) мұғалімдері қатысады.

Онлайн шараның өтетін уақыты: 2020 жылғы 25 жетоқсан

Басталуы: сағ.14.30-да