Аудандардағы кезекті рейд жұмыстары

Аудандардағы кезекті рейд жұмыстары
Ырғыз аудандық мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің мамандары аудан орталығының көшелеріндегі бірнеше нысандарды аралап, заңнама талаптарының сақталуы мақсатында түсінік жұмыстарын жүргізді.
Рейд барысында ҚР «Тіл туралы» Заңының 21-бабын сақтамаған нысан иелеріне ескерту жасалып, мамандар әдістемелік көмек көрсетті.
Сондай-ақ бірнеше рет жүргізілген түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде заңға қайшы деп танылған 90%-ке жуық көрнекі ақпарат заңға сәйкестендірілді. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жиі ұйымдастырылып, жалғасын табадытабады