Қобда ауданында көрнекі ақпараттарға рейд жүргізілді

Қобда ауданында көрнекі ақпараттарға рейд жүргізілді

Қобда ауданында көрнекі ақпараттарға жүргізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде, бірқатар нысандардағы жарнама мәтіні заңнама талаптарына сәйкестендірілді.

Қобда аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанынан құрылған сараптама тобы тағы да аудан орталығының көшелеріндегі жарнама мен көрнекі ақпараттардағы мемлекеттік тілдің заңға сәйкес орындалуын қадағалап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Рейд жұмыстары кезінде заңды бұзған кәсіп иелеріне ескертпелер жасалып, ұсыныстар айтылды. Ағымдағы жылдың 18 қарашасы мен 7 желтоқсаны аралығында бірнеше нысандардағы көрнекі ақпараттар мен деректемелер заңнама талаптарына сәйкестендіріліп, әдістемелек көмек көрсетілді.

#ақтөбеономастикасы