
Бүгін, үкімкеттік емес ұйымдарға олармен белсенді ынтымақтастық жасау арқылы тиімді көмек көрсету, оларды қоғамның әлеуметтік маңызы бар проблемаларын шешуге тарту, қолдау мақсатында халықаралық қазақ тілі қоғамының облыстық және қалалық филиалдары басшыларымен, қоғамдық ұйым жетекшілерімен кездесу ұйымдастырылды. Шара барысында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру бағытында бірлесіп атқарылатын жұмыстар талқыланды.