Ойыл ауданында көрнекі ақпарат мәтіндеріне рейд жұмыстары жүргізілді.

Ойыл ауданында көрнекі ақпарат мәтіндеріне рейд жұмыстары жүргізілді.

Өңірдегі аудандарда көрнекі ақпараттар мен деректемелер мәтініне рейд жұмыстары жүргізілуде. Бұл іске тіл жанашырлары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері ат салысып келеді. Осы орайда, Ойыл ауданында жалғасын тапқан бастамаға ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және Жастар ресурстық орталығының мамандары да өз үлесін қосып, көшедегі жарнама мәтінін заңнама талаптарына сәйкестендіру мақсатында мониторинг жүргізді.