
Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы мен "Ана тілім – арым" еріктілер тобы бірлесіп бірнеше ірі нысандарға рейд жұмыстарын жүргізді.
Бақылау кезінде нысан иелері мен әкімшілеріне тілдің қолданысын түсіндіріп, «Дина», «Алтай», «Супер Арзан» сияқты қаладағы ірі сауда орындарында көрнекі ақпараттар мен аудио ақпараттардың заңнама талаптарына сәйкес жариялануын ескертті. Мамандар мен еріктілер заңды бұзған кәсіпкерлерге әдістемелік көмек көрсетіп, "Тіл туралы" Заңның 21- бабы көрсетілген жаднама таратты.