Облыстық онлайн семинар

Облыстық онлайн семинар
Бүгін Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Жарнама терминдерінің жасалу жолдары» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Мақсаты: Жарнама тіліндегі терминдер қолданысының күнделікті өмірде, қоғамдық қатынастың барлық салаларында сауатты, әрі бірізді пайдалануын қамтамасыз ету мақсатында көрнекі ақпарат, жарнама салаларын реттейтін қолданыстағы заңнамалық актілерге сүйене отырып, жарнама берушілерге арналған әдістемелік құралдар әзірлеу, жаднама дайындау және таратуды ұйымдастыру.
Онлайн семинарға Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғылыми қызметкері Әйгерім Қожабекқызы Қожахмет, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің филология факультеті филология кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Исакова Сәбира Сағынбекқызы, Ақтөбе қаласы және аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің бөлім басшылары, бас мамандары, іс жүргізушілері қатысып, тақырып төңірегінде ой бөлісті.