"Атаулар мен есімдер- елдіктің белгісі" онлайн семинары

"Атаулар мен есімдер- елдіктің белгісі" онлайн семинары
Басқарманың жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 25 қараша күні «Zoom» бағдарламасы арқылы «Атаулар мен есімдер – елдіктің белгісі» онлайн семинар-кеңес өткізілді.
Семинардың мақсаты: «Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 2 сәуірдегі № 2923 Жарлығын түсіндіру, өскелең ұрпаққа аты-жөндерін ұлттық үлгіде, әдеби тілдің нормасына сәйкес жазуға насихаттау жұмыстарын жүргізу.
Онлайн-семинарда Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің оқытушылары тарих, этнография және археология» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Әбенов Дәулет Құсайынұлының «Қазақ есімдерінің мән-мағынасы», филология ғылымдарының кандидаты, доцент Сәдуақас Нұрбол Абдуллаұлының «Адам есімдері – тіл байлығы, ел тарихы мен танымы», Ақтөбе қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің маманы Ихсанова Мейрамгүл Нұрланқызының «Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты заңдылықтар» атты баяндамалары тыңдалып, семинарға қатысушы қала мектептері директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен бірге талқыланып, ойлар ортаға салынып, ұсыныстар берілді.