
Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының және Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен жексенбі күні этномәдени бірлестіктер жанындағы жексенбілік мектеп оқушылары арасында “Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы” тақырыбында ашық диктант өтті. Диктант барысы латыннегізді қазақ әліпбиімен жазылды. Аталмыш шараның мақсаты диктант жазушылардың қол моторикасын дамытып, қазақ әліпбиін шапшаң меңгеруге жағдай жасау.