20 қараша күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен "Ұлттық ономастика-ел айнасы" атты республикалық онлайн конкурс өтті. Байқау шарты бойынша әр топ бөлімнің қызметі мен атқарылған шараларын ұсынып, ономастика саласындағы түрлі сұраққа жауап берді. Сынға түскен 10 өңірдің ішінде Ақтөбе облысының атынан "Жерұйығым Ақтөбе" командасы қатысып, білік-дағдыларын ортаға салды.