Еріктілер тобымен бірге рейд жүргізілді

Еріктілер тобымен бірге рейд жүргізілді

Қазіргі таңдағы өзекті де маңызды мәселелердің бірі - бұл қала көшелеріндегі жарнама мәтіндері мен көрнекі ақпараттардың тіл туралы заңнама талаптарына сай рәсімделмеуі болып отыр. Осы тұрғыда басқарма ҚР Тіл туралы Заңының 21-бабын басшылыққа ала отырып, "Ана тілім-арым!" атты ерікті топ, жастар саясаты, "Атамекен" Ақтөбе облыстық кәсіпкерлер палатасы, қалалық "Қазақ тілі" қоғамы мен тіл жанашырлары, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің мамандарымен, "Aqtobe" телеарнасының жаңалықтар бөлімімен бірлесіп, Әбілқайыр хан даңғылы, Маресьев, Пацаев көшелеріне рейд жұмыстарын жүргізді. Анықталған заң бұзушылықтар негізінде тіл жанашырлары нысан иелеріне түсінік жұмыстарын жүргізіп, әдістемелік көмек көрсетті. Бұл игі бастама алдағы уақытта да тіл жанашырларының қолдауымен жалғасатын болады.