Бүгін, Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен «Қазақ тілі – ұлттар бірлігінің негізі» онлайн диалог алаңы өтті. Шараның мақсаты: Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудағы 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тіл - қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтудегі тілдерді оқыту әдістемесінің озық үлгілері туралы тәжірибе алмасу.
Облыстық этникалық мектептердің (татар-башқұрт, әзірбайжан, украин, кәріс) мемлекеттік және ана тілдері оқытушылары, әдіскерлер қатысқан онлайн диалог алаңында онлайн платформасында тілдерді үйретудің озық әдістері талқыланып, сондай-ақ www.kunshuak-aktobe.kz, www.til-aktobe.kz сайты таныстырымы өтті.
Қашықтан өткен шараға Ақтөбе қаласы және Алға, Мұғалжар, Қарғалы, Мәртөк, Қобда аудандарының тілдер оқытушылары қатысты.