2020 жылы 22 қазаны күні облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Зинабдинұлы Шермағанбеттің төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес комиссияның кезекті отырысы болып өтті.

Ойыл ауданының құрамдас бөліктерін қайта атау бойынша 10, Шалқар ауданы әкімдігінен 10, Мәртөк ауданының атаусыз құрамдас бөліктеріне атау беру бойынша 50, Әйтеке би ауданынан идеологиялық тұрғыдан ескірген көше атауын қайта атау бойынша 1 ұсыныс қаралды.
Аудан әкімдіктері тарапынан құрамдас бөліктерге атаулар беру және қайта атауда Әбілқайыр хан, Қайрат Рысқұлбеков, Спандияр Көбеев, Нұрғиса Тілендиев, Ұлы Дала, Сарайшық, Сарыжайлау сияқты маңызды тарихи-мәдени ұғымдар, географиялық атаулар, қазақ мәдениетінің символы мен мәні, сондай-ақ көрнекті саяси қайраткерлер, жазушылар мен зиялы қауым өкілдерінің есімдері қатарынан, сондай-ақ қоғамда патриоттық рухты арттыру мақсатында жалпыхалыққа танымал би, батырлардың есімдері ұсынылған.
Комиссия мүшелері тарапынан ұсынылған атауларға талдау жасалып,
71 ұсыныстың 69-на оң қорытынды берілді.
Мәртөк ауданы тарапынан ұсынылған «Жасыл» атауының көше атауына сай келмеуіне байланысты кері қайтарылды. Ал, «Есет батыр» көшесінің атауына тегін қоса отырып қайта ұсынуға ұсыныс берілді.