
Қала көшелеріндегі жарнама мәтінін біріздендіру мақсатында басқарма мамандары Молдағұлова даңғылына кезекті рейд жұмыстарын жүргізген болатын. Бақылау барысында тиісті талапқа сай келмейтін 22 нысан тіркеліп, 1-еуі сол бойда түзетілді. Анықталған кәсіп иелеріне заңдық тұрғыда түсінік жұмыстары жүргізіліп, орын алған олқылықтарды түзетуге уақыт берілді.