Меню

Страницы

Статья

Ономастикалық жұмыс

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Ономастикалық жұмыстар және талдау бөлімі (бұдан әрі – бөлім)  Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Бөлім  өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін», Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының тіл туралы заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы №281 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да
    объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру» қағидаларын, «Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 қазандағы № 914 қаулысын, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы
    № 211 бұйрығы, өзге де нормативтік құқықтық  актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

          3.Бөлімнің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте басқарма басшысы бекітеді.

  1. Ономастикалық жұмыстар және талдау бөлімі:

1) бөлім басшысы -1 бірлік

2) бас маман - 2 бірлік

 

  1. Ономастикалық жұмыстар және талдау бөлімінің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен жауапкершілігі

Міндеті:

          1.Облыс аумағында оңтайлы ономастикалық ахуал қалыптастыру – ұлттық ономастика жүйесін дамыту бағытында шаралар ұйымдастыру;

         2.Елді мекендердің, ауылдық округтердің, ауылдардың, аудандық маңызы бар қалалардың, әкімшілік-аумақтық бірліктерінің тарихи атауларын қалпына келтіру, атаулар беру, қайта атау жұмыстарын ұйымдастыру, насихаттау, түсіндіру жұмыстары жүйесін қалыптастыру.

  1. Мемлекет меншігіндегі мекемелерге атау беру, қайта атау жұмыстарын жүргізу;

4.»Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңының 21- бабының орындалуы бағытындағы жұмыстарды үйлестіреді;

Функциясы:

1) басқарма құзыреті шегінде тілдерді дамыту саласындағы құқықтық актілерді, келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу;

2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік және басқа да тілдерінің беделін арттыруға бағытталған ғылыми-тәжірибелік конференцияларды, дөңгелек үстелдерді, әдістемелік семинарларды, акцияларды, кездесулерді, басқа да әр-түрлі форматтағы жобаларды ұйымдастыру және өткізу;

3) тілдерді дамыту саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру қызметін ақпараттық, әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

4) тіл саясатын іске асыруға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және жүзеге асыру;

5) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қоғамдық ұйымдармен қарым-қатынасты жүзеге асыру;

6) деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде жарнама мәтіндерінің Қазақстан Республикасының тіл туралы заңына сәйкестігіне мониторинг жүргізу;

7) облыс әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының қызметiн үйлестіру, ономастика саласын ғылыми қамтамасыз ету;

8) «Мекенжай» ақпараттық жүйесінің контентін толықтыру жұмыстарын жүргізу;

9) мерзімді баспа материалдарын (журнал, альбом, сараптама, жинақтар, т.т.) шығар;

10) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру;

11) Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасында белгiленген талаптардың бұзылуын жою бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде және тәртіппен әкімшілік ықпал ету шараларын жүзеге асыруды ұйымдастыру;

12) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану;

13) Облыстық, аудандық маңызы бар қалалардағы, кент, ауыл, және басқа да елді мекендерде орналастырылатын көше аншлагтарының эскиздеріне келісім беру.

14) Орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің, Ақтөбе облысының, аудандардың, Ақтөбе қаласының жергілікті атқарушы органдарының және Ақтөбе қаласындағы аудан әкімі аппараттарының, ауыл, ауылдық округ әкімі аппараттарының Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылау жүргізу

 

Құқығы мен жауапкершілігі:

  • Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, объектілерге, құрамдас бөліктерге атау беру, қайта атау жөніндегі түскен ұсыныстардың заңнама талаптарына сәйкес қарауға;
  • Басқармаға келіп түскен ұсыныс құжаттарының заңнама талаптарымен бекітілген тәртіпке сәйкестігіне негіздеуге;
  • Бөлімнің негізгі функциясы бойынша атқарылатын жұмыстарға талдау, мониторинг жүргізу үшін ақпараттар мен деректер сұратуға;
  • Қазақ тілінің тілдік нормаларына сәйкес орыс тіліне аударылу нұсқаулығы негізінде елді мекен, басқа да атаулардың аталу трнаскрипциясына түзету енгізуге құқығы бар.
  1. Ономастикалық жұмыстар және талдау бөлімінің қызметін ұйымдастыру

5) Ономастикалық жұмыстар және талдау бөлімі өзінің негізгі мақсаттары мен функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес тиісті өкілеттіктерге ие болады.

         6) Бөлімді Қазақстан Республикасының Заңнамасымен белгіленген тәртіпке сәйкес басқарма басшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бөлім басшысы басқарады.

7) Бөлім басшысы бөлімнің жұмысын ұйымдастырып, басқарады және бөлімге жүктелген қызметтер мен міндеттерді орындауға дербес жауапкершілікке ие.

8) Бөлім басшысы басқарма басшылығына тілдерді дамыту және үйлестіру жұмыстары бөлімінің штаттық кестесі, құрылымы жөнінде ұсыныс береді.

9) Құрылымдық бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға құрылымдық бөлімшенің басшысы, ал ол болмаған жағдайда - оны алмастыратын адам қол қояды.

 

 

Ономастикалық жұмыстар және талдау

бөлімінің басшысы                                                                               Б.Әбиева

 

 

Дата публикации
08 июня 2022
Дата обновления
12 марта 2026
Тип

Сейчас читают

Веб-журнал
28 апреля 2026
Ақтөбеде ономастикалық өзгерістер талқыланды
Мерзімді БАҚ
02 марта 2026
Мемлекеттік тілді дамытудың Ақтөбедегі моделі
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы