Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру туралы ЕСЕП

 

Қосымша

 

Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың

2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру туралы

ЕСЕП

 

Есепті кезең: 2024 жыл

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 қазандағы № 914 қаулысымен бекітілген

Мемлекеттік орган: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

1-бөлім. Іс-шараларды іске асыру барысы туралы ақпарат

 

 

№

Реформалардың /негізгі іс-шаралардың атауы

Аяқтау нысаны/өлшем бірлігі

Жауапты орындаушылар

Орындалуы туралы ақпарат

жоспары

факт

түсініктеме

1-бағыт. Тілдік ортаға негізделген тіл саясатын жүргізу, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту

1-нысаналы индикатор. Мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі

 

81,5

86,2

Орындалды. Көрсеткіш «Ақтөбе облысындағы тілдік ахуал» тақырыбындағы әлеуметтік зерттеу нәтижелері арқылы анықталды. Өңірлер бөлінісіндегі декомпозицияға сәйкес Ақтөбе облысы бойынша жоспарлы көрсеткіш – 86%

2-нысаналы индикатор. «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мемлекеттік қызметтер ұсынатын ұйымдар қызметкерлерінің, сондай-ақ ұлттық компаниялар қызметкерлерінің үлесі

 

38

 

 

3-нысаналы индикатор. «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша мемлекеттік тілді В2 деңгейінде меңгерген мемлекеттік қызметшілердің үлесі

 

40

 

 

1.

Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты мәселелері бойынша әлеуметтанулық және талдамалық зерттеу жүргізу

әлеуметтанулық және талдамалық зерттеу

ҒЖБМ, ЖАО 

 

мың теңге

мың теңге

Ақтөбе облысындағы тілдік ахуал мен тілдік дамуды бағалау, облыс тұрғындарының тілдерді меңгеру деңгейі мен олардың қолданылу саласын анықтау, мемлекеттік тілдің толық көлемде қолданылуын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясатын жүргізу жөнінде азаматтардың пікірін білу мақсатында ұйымдастырылған «Ақтөбе облысындағы тілдік ахуал» тақырыбындағы әлеуметтік зерттеуге Ақтөбе қаласы, 12 аудан бойынша 18 жастан асқан 5000 респондент қатысты. Респонденттер жынысы, жасы, білім деңгейі, ұлтттық белгісі, әлеуметтік жағдайы бойынша бөлінді.

 Пікірлер әлеуметтанулық зерттеу құралы – қазақ және орыс тілдерінде әзірленген сауалнама арқылы жинақталды.

2.

Түркі, славян жазбаларының күндерін мерекелеу  шеңберінде конкурстар, конференциялар, семинар-тренингтер, дөңгелек үстелдер өткізу

ҒЖБМ-ға нақты нәтижелерді көрсете отырып, атқарылған жұмыс туралы есеп

ЖАО

мың теңге

мың теңге

«Қазақ жазуының тарихы» тақырыбында тіл интеллектуалды шара ұйымдастырылды. Мемлекеттік мекемелер мен халыққа қызмет көрсету саласы қызметкерлері қамтылған шараға 345 адам қатысты.

«Славян базары» тақырыбымен өткізілген мерекелік іс-шара барысында  славян дәстүрлерінен қойылымдар көрсетілді, қолөнер жәрмеңкесі ұйымдастырылды, «Купава» фольк-модерн группасы өнер көрсетті.

3.

Жергілікті атқарушы органдарға, ұлттық компанияларға көрнекі ақпаратты дұрыс жазу (акциялар, «Үздік маңдайша», «Үздік аудан», «Үздік көше» және т.б.), бизнес саласындағы көрнекі ақпаратты (хабарландырулар, жарнама, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, басқа да көрнекі ақпарат)  мемлекеттік тілде ресімдеу қажеттігі бойынша консультациялық түсіндіру жұмысын ұйымдастыру

ҒЖБМ-ға нақты нәтижелерді көрсете отырып, атқарылған жұмыс туралы есеп

ЖАО,

ҰК (келісу бойынша), «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша)

мың теңге

мың теңге

Облыста мемлекеттік органдар мен түрлі ұйымдардың жарнама қалқандары, маңдайшаларында мемлекеттік тілдегі мәтіндердің дұрыс ресімделуін қамтамасыз ету мақсатында ерікті топ мүшелерінен, қоғам белсенділерінен, қоғамдық ұйым өкілдерінен, тіл жанашырларынан құрылған топ кәсіпкерлік нысандарда, халыққа қызмет көрсету орындарында жүйелі түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Жүргізілген мониторинг жұмыстары барысында 3098  жарнама мәтіні сараланды. Тіл туралы заң бұзушылық орын алған 989 жарнама мәтінін түзету бойынша заңнама талаптары түсіндіріліп, әдістемелік көмек көрсетілді.

Жыл басынан бері  60 сауда үйі, 30 жабық базар, 70 салон, 40 спорт мекемесі, 70 мейрамхана, 50 дәмхана, 27 дәріхана, 53 көлік жуу, жөндеу орталықтары, 100 азық-түлік, киім дүкендері, 30 кондитерлік дүкендер желісі  иелеріне көрнекі ақпарат мәтіндерінің, маңдайша жазуларының, жарнама қалқандарының, деректемелердің тілдік нормаларға сай, сауатты мазмұнды рәсімделуіне әдістемелік көмек көрсетілді.

Сонымен қатар басқарманың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында көрнекі ақпаратта кездесетін қателерді анықтап, тілдік қателер кездескен жағдайда оларға әдістемелік көмек беру, түзету жұмыстарын жүргізу мақсатында «Jas Aqtobe-2022» ҚҚ Ақтөбе қаласы және аудандар бойынша «Сауатты жарнама – тіл тазалығының көрінісі!» акциясы өткізілді. Акция барысында Ақтөбе қаласы мен 12 ауданда 570 кәсіпкерлік нысан араланып, 2065 жарнама мәтініне талдау жасалып, қате рәсімделген 765 жарнама мәтіні түзетілді. 

Ақтөбе облысында идеологиялық тұрғыдан ескірген елді мекендер мен көше атауларын тарихи атаулармен алмастыруға бағытталған «Жер тарихы – ел тарихы» жобасы жүзеге асырылды. Жоба аясында Ақтөбе қаласы, Алға, Мәртөк, Қарғалы, Хромтау аудандарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

4.

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес жарнаманы орналастыруды қамтамасыз ету мақсатында «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» республикалық конкурсын өткізу

конкурс

ҒЖБМ, ЖАО

мың теңге

мың теңге

Облыста «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» республикалық байқауына жолдама беру үшін іріктеу сайысы ұйымдастырылды. Іріктеуден өткен, үздік деп танылған «Анвар» ЖШС белгілі себептерге байланысты республикалық байқауға қатысудан бас тартты. Екінші орында тұрған «А-design студиясы» ЖШС жұмыстарын  құжат тапсыру мерзімінен бір күн кешіктіріліп ұсынылуына байланысты үміткер байқауға жіберілмеді.

6.

Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, жеке және заңды тұлғаларға өз кәсіпкерлік қызметін жүргізуде қолдау көрсету мақсатында қазақ тілінің мәдени-семантикалық сөздерінің «korneki.kz» дерекқорын жасау

«korneki.kz» дерекқоры

ҒЖБМ

 

мың теңге

мың теңге

 

7.

Кәсіпкерлердің фискалдық (кассалық) чектерді «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шығаруын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар өткізу

ҒЖБМ-ға нақты нәтижелерді көрсете отырып, атқарылған жұмыс туралы есеп

ЖАО, «Атамекен» ҰКП (келісу  бойынша), Қаржымині

мың теңге

мың теңге

Ақтөбе облысы бойынша 32 925 бақылау касса машиналары анықталды. Бақылау касса машиналарының 28 728-і (87%) мемлекеттік тілде чек басып шығарады.

 

8.

Қоғамдық ұйымдармен мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру

іс-шаралар

ЖАО, ҒЖБМ, «Отандастар» қоры (келісу  бойынша), «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігі (келісу  бойынша)

мың теңге

мың теңге

«Тәуелсіздік тірегі – мемлекеттік тіл» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып,  мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуде белсенділік танытқан үздіктер марапатталды. Шараға жоғары оқу орындарының, әскери, құқық қорғау саласы, «KEGOC» АҚ «Ақтөбе ЖЭТ» филиалының, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-нің, «Қазпошта» АҚ Ақтөбе облысы филиалының қызметкерлері қатысты.

«Қазақ тілі қоғамы» облыстық ұйымымен бірлесе отырып полиция департаменті қызметкерлерінің қатысуымен семинар-тренинг, прокуратура, әділет департаменті, нотариалдық палата, кәсіпкерлік палатасы, пошта, қазақтелеком, банк, т.б. халықпен тығыз байланыста жұмыс жасайтын мекемелер өкілдері қатысқан семинарлар, форсайт-сессия, «Мемлекеттік тіл – қоғамды біріктіруші негізгі фактор», «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» тақырыбында облыстық семинарлар, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «Казхром» ҰҚ» АҚ, «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ Батыс аймақтық жүк тасымалдау бөлімшесі сияқты ірі кәсіпорындарда семинар-кеңестер, т.б. 27 тілдік шара ұйымдастырылды. Шараларға 1000-нан астам әр түрлі сала өкілдері мен тіл жанашырлары қатысты.

9.

Жекелеген саяси лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарына  мемлекеттік тілді орта деңгейден (В1) төмен емес деңгейде меңгеру туралы талапты қосу мәселесін пысықтау

ПӘ-ге

 ұсыныс

МҚІА, ҒЖБМ

 

 

 

10.

Мемлекеттік мекемелерге, кәсіпкерлік субъектілеріне, квазимемлекеттік секторға олардың тіл заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етуі мақсатында  түсіндіру жұмысын жүргізу, әдістемелік көмек көрсету

ҒЖБМ-ға нақты нәтижелерді көрсете отырып, атқарылған жұмыс туралы есеп

ЖАО,

МО, ҰК (келісу  бойынша)

мың теңге

мың теңге

Мемлекеттік тілде қызмет көрсетпеу, құжаттарды мемлекеттік тілде ұсынбау, жарнама мен көрнекі ақпаратта тіл туралы заңнама талаптарының сақталмауы мәселелерінің алдын алу мақсатында «Мен қазақ тілінде қызмет көрсетемін» акциясы ұйымдастырылды. Акция аясында 100-ге жуық нысанда сатушы мен тұтынушы арасындағы тілдік коммуникацияны жақсартуға әдістемелік қолдау көрсетілді. Күнделікті тұрмыста қарым-қатынасқа қажетті сөздер мен сөз орамдарын қамтитын 500 дана QR-кодталған қазақ тіліндегі «Тілашар» сөздігі және сөздер мен сөйлеу модельдері бар 500 данадан 10 түрлі таратпа материалы таратылды.

Жыл басынан бері 100 ірі нысанда (9 базар, 10 сауда үйі, 11 супермаркет, 34 азық-түлік дүкені, 19 дәріхана, 2 таксопарк, 13 кондитерлік желі, 2 Қазпошта филиалы) сауда иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 2033 адамға таратпа материалдар таратылды.

Тіл туралы заңнама талаптарына қатысты әдістемелік нұсқаулық фейсбуктегі парақшада 4 рет, инстаграмдағы парақшада 4 рет жарияланды.  

11.

Қазақстан халқы тілдері күнін мерекелеу шеңберінде тілдік ортаны дамыту мен құрудың өзекті проблемалары жөніндегі іс-шараларды өткізу және оларды БАҚ-та насихаттау

ҒЖБМ-ға нақты нәтижелерді көрсете отырып, атқарылған жұмыс туралы есеп

ЖАО, МО

мың теңге

мың теңге

Қазақстан халқы тілдер күніне орай «Мемлекеттік тіл – қоғамды біріктіруші негізгі фактор» тақырыбындағы тіл апталығы өткізілді. Апталық аясында «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» «KEGOC» АҚ «Ақтөбе жүйеаралық электр тораптары» филиалы, ҚР Ұлттық ұланының 6655 әскери бөлімі, Ақтөбе облысының Полиция департаменті, Ақтөбе гарнизоны әскери прокуратура, Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімі, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, Ақтөбе бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, Ақтөбе облысы бойынша Ұлттық статистика бюросының департаментінде қазақ тілінде қызмет көрсету бойынша, жарнамалардың тіл туралы заңнамаға сәйкес жазылуына әдістемелік көмек көрсету шаралары, мемлекеттік тілді тегін және жедел оқытудың толыққанды тиімді жүйесі ретінде тіл үйрету платформалары туралы түсіндіру жұмыстары, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, қолданыс аясын кеңейту бағытында әдістемелік қолдау шаралары, ашық диктант жазу, құттықтау роликтерін жариялау, қазақ ұлтты азаматтардың тегі мен есімдерін дұрыс жазу жөніндегі шаралар, байқаулар, шығармашылық шаралар ұйымдастырылды. Апталық аясындағы шараларға 630 адам қатысты.

Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған іс-шаралар БАҚ («Қазақстан-Ақтөбе», «Рика-тв», «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттері, фейсбук, инстаграм әлеуметтік желілердегі парақшалар) арқылы насихатталды, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының құқықтық нормаларының және оның сақталуы туралы түсініктемелер берілді, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген, жан-жақты білімді, өзінің саласында кәсіби құзырлы азаматтарға қолдау көрсетілді.

«Мемлекеттік тілді меңгеру – ұлттық сәйкестік пен патриотизмді нығайту жолы» республикалық шарасы өткізілді. 50 адамды қамтыған шара нәтижесінде қазақ тілін меңгеру арқылы ұлттық сәйкестік пен патриотизмді нығайтудың қажеттілігін көрсету, мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлі мен оның мәдени және рухани дамуға қосар үлесі туралы пікірлер ортаға салынды.

ҚР Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және арқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын жүзеге асыра отырып, тілдік негізде кемсітушіліктің кез-келген түріне табанды қарсы тұруды, оның алдын алу және болдырмау, сондай-ақ мемлекеттік тілдің одан әрі дамуы мен практикалық қолданылуына бағыттылған «Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту және оның қоғамдағы рөлін арттыру мәселесі» атты республикалық іс-шараға Ғылым және жоғары білім министрлігі, Бас прокуратура өкілдері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың тілдерді дамыту мәселесіне жауап беретін басқармалардың басшылық құрамы мен жауапты мамандары,  тіл оқыту орталықтарының басшылары, әдіскерлері мен оқытушылары, ғалымдар, тіл жанашырлары, қазақ тілін жетік меңгерген өзге ұлт өкілдері, құқық қорғау органдары, адвокаттар алқасы, нотариалдық палатасы өкілдері, «Қазақ тілі қоғамы» ұйымының өкілдері, облыстық, қалалық депутаттар, белсенді жастар, барлығы 120 адам қатысты.

Республикалық семинардың жұмысы Тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын сапалы іске асыру барысы туралы форсайт-сессия мен «Біздің мақсат – тілдерді оқыту» тренингі ретінде екі локацияда жалғасын тапты.

12.

Мемлекеттік тілдің беделін арттыруға, қолданылу салаларын кеңейтуге (фестивальдер, кездесулер, акциялар және т.б.), тіл мәдениетін жетілдіруге (тіл туралы нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, фразеологиялық сөз орамдары, аңыз адамдардың өсиеттері және т.б.) қатысты іс-шараларды ұйымдастыру

ҒЖБМ-ға нақты нәтижелерді көрсете отырып, атқарылған жұмыс туралы есеп

ЖАО, МО, ҰК (келісу  бойынша)

мың теңге

мың теңге

«Біздің мақсат – тілдерді оқыту» тақырыбында ұйымдастырылған презентациялық жоба аясында екі тілде ролик түсіріліп, әлеуметтік желілердегі (Instagram, Facebook, TikTok) парақшаларда айына бір рет (бір айда - 10 күн, барлығы: 4 айда - 40 күн) таргет жүргізілді.

Қаланың орталығында орналасқан, көлік ағымы көп, кептеліс уақыты ұзақ, көзге түсетін орында суперборд орналастырылды.

 «Ақындары өз өлкесін жыр еткен» атты өзге ұлт жастары арасында қазақ тілі мен әдебиетіне деген қызығушылықты арттыру және қазақстандық рухани бірлікті қалыптастыру мақсатында жергілікті ақын-жазушылар шығармашылығына арналған облыстық байқау ұйымдастырылды.

2024 жылғы айтулы даталар мен мерекелерік іс-шаралар аясында «Өз өлкеңің ақыны»,  «Өнерім, тілім – өмірім» тақырыбында тілдік – зияткерлік сайысы, Халықаралық білім күніне орай тыңдаушылар арасында тілдік байқау, «Жұлдыз шашқан жырлар» атты мәнерлеп оқу сайысы, Халықаралық ана тілі күніне орай «Ана тілің – арың бұл» шығармашылық байқауы, 1 наурыз Алғыс айту күніне орай «Мен сізге алғыс айтамын!... » алғыс айту челленджі, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Асыл әжем» мәнерлеп оқу сайысы, «Әлем нәзік жандармен әсем» мерекелік сабақтар циклі, «Наурыз – берекем, Наурыз – мерекем»  эссе, шығарма байқауы, Наурыз мерекесіне орай «Наурыз тойы мереке, салт-дәстүрім береке» сабақтар циклі, «Баталы ел арымас» бата беру сайысы, «Жыл басы Наурыз» құттықтау ролигі, «Қош келдің, Әз Наурыз!» іс-шарасы, кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай «Мен оқыған бір кітап» атты талқылау сабағы, Қазақстан халықының бірлігі күніне орай «Бір шаңырақтың астында» құттықтау бейнеролигі, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «Егеменді ер қорғаны – қарулы күштері»  сабақтар циклі, 9 мамыр Жеңіс күніне орай тыңдаушыларға Ұлы Отан соғысы туралы «Бабасы мықтының баласы мықты»  көрмесі  мен дәріс сабағы, «Жеңіс алауы!» атты квест ойыны, 4 маусым – ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Байтақ елімнің рәміздері» викториналық ойыны, мемлекеттік қызметшілер күніне орай «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» интеллектуалдық байқау, «Қалын елім, казағым, қайран жұртым...» Абай Құнанбаевтың өлеңдерін оқудан облыстық байқау, 30 тамыз – ҚР Конституциясы күніне «Ата заң – азаттықтың алтын арқауы» эссе байқауы, «Ана тілің –арың бұл» тілдік сайыс сабақ, «Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер» семинар-кеңес, «Тәуелсіздік – ел бақыты!» құттықтау бейнеролигі және сабақтар циклі, «Байрағы  биік – Тәуелсіздік!» дөңгелек үстелі ұйымдастырылды. Шараларға жалпы 3500-ге жуық адам қамтылды.

Сонымен қатар әлеуметтік желілердегі парақшаларда «Біле жүрейік» айдарында 20, «Тағылым» айдарында 20, «Тіл – тамыр» айдарында 26 жарияланым тұрғындар назарына ұсынылды.

Жастардың, копирайтерлердің, блогерлердің, халыққа қызмет көрсету, гуманитарлық салалары мамандарының, мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен өткен «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздіктің мызғымас тірегі» жобасы аясында қазақ тілінде облыстық дебат турнирі, куиз ойындары, интелектуалды шара, көнерген сөздердің орнына қазіргі таңда қолданатын сөздер тізбегі бар буклеттер тарату, мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тілде іс жүргізу бойынша семинар-тренинг, жастардың сөйлеу мәдениетін, медиа белсенділігін жетілдіру бағытында семинар-тренинг, қала тұрғындары арасында сауалнама жүргізу, өңірден шыққан белгілі ақын-жазушыларының туындыларынан поэзия кештерін ұйымдастыру сияқты шаралар ұйымдастырылып, 450 адам қамтылды.

Балаларға арналған танымдық «Күншуақ» журналының 6 саны (№1,2,3,4,5.6) жарыққа шықты.

Қазақ тілінде қажетті жағдаяттық сөздік қор, сөз тіркестері мен сөз орамдары жазылған таратпа материалдар, тұтынушыларға әдістемелік көмек көрсету мақсатында ақпараттық құрал дайындалып, халыққа қызмет көрсету орындары қызметкерлері мен тұтынушыларға таратылды.

13.

Саланың табысты тұлғалары қатарындағы спикерлердің кәсіпкерлердің алдында қазақ тілінде сөз сөйлеуін ұйымдастыру

дерекқор

ҒЖБМ, «Атамекен» ҰКП (келісу  бойынша)

мың теңге

мың теңге

 

14.

«Тілдер және әдебиет», «Тілдер және әдебиет мұғалімдерін даярлау» бағыттары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру бағдарламаларын жаңа кәсіптік стандарттарға сәйкес жаңарту

жаңартылған бағдарлама

ҒЖБМ

мың теңге

мың теңге

 

15.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқу орындарында «Кәсіптік қазақ тілі» пәнін оқыту тіліне қарамастан қазақ тілінде оқыту мәселесін қарау

білім беру бағдарламасы

ҒЖБМ

мың теңге

мың теңге

 

16.

Магистратураға, докторантураға түсуге үміткерлердің «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша В2 деңгейінен төмен емес, ректор лауазымына үміткерлердің С1 деңгейінен төмен емес деңгейде тесттер тапсыруын ұйымдастыру

ПӘ-ге

 ұсыныс

ҒЖБМ 

мың теңге

мың теңге

 

17.

«ҚАЗТЕСТ» бағдарламасының негізінде тілді білу деңгейін бақылау жүйесін ұйымдастыру

жыл қорытындысы бойынша есеп

ҒЖБМ 

мың теңге

мың теңге

 

18.

Мемлекеттік Тілдерді оқыту орталықтарында ересектер, оның ішінде азаматтық және мемлекеттік қызметкерлер үшін  курстар (қазақ, орыс, ағылшын) ұйымдастыру

курстар

 ЖАО

мың теңге

мың теңге

Тілдерді оқыту орталығының облыс орталығымен қатар өзге ұлт өкілдері көп шоғырланған 3 ауданда (Хромтау, Мәртөк, Қарғалы) тілдік курстар ұйымдастырылды.

2024 жылы оқытылған адам саны – 1700 адам. Оның ішінде этнос өкілдері – 553 адам (32%) құрады. Тіл үйретуге қатысқан тұрғындардың санаты: мемлекеттік, құқық қорғау, прокуратура органдары, әскери сала  қызметкерлері – 842 (41%), халыққа қызмет көрсету орындары қызметкерлері – 897 (44%), жеке тұлға – 301 (15%).

Өзге этнос өкілдерінің қазақша сөйлеу практикасын қалыптастыру, тілдік барьерден арылту бағытында құрылған «Мәміле» клубы құрылып, әр сенбі сайын ұйымдастырылған клуб отырыстарына 100-ден астам адам қатысты. Сөйлесімге бағытталған клубтың отырыстарында белгілі бір тақырып бойынша жаңа сөздер мен сөз тіркестері таныстырылды, жағдаяттық тапсырмалар орындалды, қатысушылардың өмірлік тәжірибелерін, өз ойларын ортаға салуына жағдай жасалды.

Жергілікті орыс тілді «Актюбинский вестник» газетіне қаңтар-қараша айларында тілдерді оқыту орталығы оқытушылары құрастырған 9 сабақ  жарияланды.

Мемлекеттік тілдерді оқыту орталығы арқылы ағылшын тілі курсымен қамтылған адам саны – 340 адам. Тіл үйретуге қатысқан тұрғындардың санаты: мемлекеттік қызмет 29 (9%), халыққа қызмет көрсету орындары – 156 (45%), жеке тұлға – 155 (46%).

Облыста қазақ тілін үйрету курстары бар жеке оқыту орталықтарының саны – 12, ағылшын тілін үйрететін жеке орталықтар саны – 14. Жеке оқыту орталықтары курсқа қатысушылар туралы мәлімет бермеді.

4-нысаналы индикатор. Мемлекеттік телеарналарда мемлекеттік тілде көрсетілетін телебағдарламалардың үлесі

 

72

 

 

19.

Балалар, жасөспірімдер мен жастарға арналған мемлекеттік тілдегі танымдық бағдарламалар,  жобалар, соның ішінде ойын түріндегі оқыту бағдарламаларын әзірлеу

бағдарламалар, жобалар

МАМ, ОМ

мың теңге

мың теңге

 

20.

Табысты кәсіпкерлердің мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуде қол жеткізген жетістіктерін бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау

телебағдарламалар, мақалалар

ҒЖБМ, «Атамекен» ҰКП (келісу  бойынша)

мың теңге

мың теңге

 

5-нысаналы индикатор. Қазақстанда өткізілетін, сондай-ақ шетелде қазақстандық дипмиссиялар ұйымдастырған халықаралық іс-шараларда қазақ тілінің қолданылу үлесі

 

53

 

 

21.

Халықаралық қызметте мемлекеттік тілдегі іс-шаралар ұйымдастыру

есеп

СІМ, МО, ЖАО, ҰК (келісу бойынша)

мың теңге

мың теңге

Қазақстан Республикасындағы шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің, консулдықтардың және басқа да шетелдік құрылымдармен өткізілетін іс-шаралардың бағдарламалары Қазақстан Республикасының Сыртқы істер Министрлігімен алдын-ала келісіледі. Басқармамен шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің және инвесторлардың Облыс әкімі және орынбасарлармен кездесуін ұйымдастыру  барысы облыс әкімдігі аппаратымен келісе отыра жүргізіледі.

2024 жыл қорытындысы бойынша шетелдік инвесторлармен  20 шақты кездесулер өткізілді. Шаралар аудармашы арқылы қазақ тілде өткізілді. Меморандумдар, келісім-шарттар орыс және ағылшын тілінде дайындалды.

22.

Шетелдік университеттер мен орталықтарға, факультеттерге, сондай-ақ қазақ диаспорасына қазақ тілін оқыту кабинеттеріне әдістемелік және ақпараттық қолдау көрсету

есеп

СІМ, ҒЖБМ, ДҚҚ (келісу  бойынша), «Отандастар» қоры 

(келісу бойынша)

мың теңге

мың теңге

 

23.

Шетелдегі қазақ диаспорасының өкілдеріне ана тілін үйренуде әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсету

есеп

СІМ, ЖАО (шекаралас өңірлер), ДҚҚ (келісу  бойынша), «Отандастар» қоры (келісу  бойынша)

мың теңге

мың теңге

Шетелдегі қазақ диаспора өкілдерімен «ZOOM» платформасында  онлайн «Көрісу күні» атты кездесу өткізілді. Шараға РФ Челябі, Самара, Санкт Петербург, Жаңасібір, Таулы Алтай, Екатеринбург қалаларындағы қандастарымыз қатысты. Диаспора өкілдері өз өңірлерінде қазақтың салт-дәстүрлерін сақтау бойынша  өз пікірлерін білдірді.

«Қазақ тілін оқытудағы белсенді тәсілдер» жобасы аясында заманауи әдіс-тәсілдерден құралған ойын форматында түрлі шаралар ұйымдастырылды. «Сіз білмейтін Қазақстан», «Жақсы сөз – жарым ырыс»  тақырыптарыдағы тренингтер білім алудың жаңа қырларын ашса, «Ұлттық ойындар», әсіресе «Бес тас» ойыны ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырды. Ақтөбе тілдерді оқыту орталығының оқытушылары өз тәжірибелерімен бөлісіп, сабақ үлгілері ұсынылды, әдістемелік құралдар таратылды. Шараға 50-ге жуық адам қатысты. Кездесуге қазақ дипломаты Сайлау Батыршаұлы қатысып, қазақ тілін меңгерудің маңыздылығы туралы пікір білдірді.

24.

«Абай институты» жобасы аясында қазақ диаспорасына қазақ тілін оқыту жөніндегі бейнесабақтарды әзірлеу және платформаға орналастыру

бейнесабақтар

ҒЖБМ

мың теңге

мың теңге

 

6-нысаналы индикатор. Мемлекеттік органдардағы, ұлттық компаниялардағы мемлекеттік тілдегі құжат айналымының үлесі                       

 

91,5

 

 

25.

Мемлекеттік органдардағы және ұлттық компаниялардағы жалпы құжат айналымында мемлекеттік тілде іс жүргізудің үлестік көлеміне мониторинг жүргізу

мониторинг қорытындысы

ҒЖМБ, МО,

ЖАО, ҰК (келісу  бойынша)

мың теңге

мың теңге

Орталық және жергілікті атқарушы органдардағы, бағынысты мекемелеріндегі іс қағаздарының мемлекеттік тілде жүргізілуі жайына тоқсан сайын мониторинг жасалады. 2024 жылдың қорытындысы бойынша бойынша облыс әкімдігіне қарасты мемлекеттік органдардағы кіріс және шығыс құжаттарының мемлекеттік тілдегі үлесі 96,3% (шығыс құжаттары – 97,5) болды. Мониторинг нәтижесінде кемшіліктерді жою бойынша қызметтік хат жолданды. Орталық атқарушы органдар бойынша көрсеткіші төмен 2 мекемеге (Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету және Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменттері) профилактикалық бақылау жүргізілді.

 

 

 

 

 

 

 

26.

Құжат айналымында мемлекеттік тілдің үлесін арттыруға бағытталған әдістемелік семинарлар ұйымдастыру

әдістемелік семинарлар

ҒЖМБ

мың теңге

мың теңге

 

27.

Ресми интернет-ресурстарға мониторинг жүргізу

талдамалық

жинақ

ҒЖБМ, ЖАО

мың теңге

мың теңге

2024 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті, Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т. Ж. Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің әскери институты, Қазақ-Орыс Халықаралық университеті, Ақтөбе Баишев университетінің ресми-сайттарындағы, жекеменшік 20 мектептің әлеуметтік желілері мен ресми сайттарындағы, облыс әкімдігіне қарасты басқармалар мен аудан әкімдіктерінің сайттарындағы ақпарат зерделеніп, анықталған кемшіліктерді түзету бойынша хабарлама хат жолданды.

28.

Мемлекеттік тілді кеңінен қолдануды қамтамасыз ете отырып, бұқаралық мәдени, спорттық және өзге де қоғамдық іс-шараларды өткізу

іс-шаралар,

ҒЖБМ-не ақпарат

МО, ЖАО, ҰК (келісу  бойынша)

мың теңге

мың теңге

Облыста қала мен аудандарды қоса есептегенде 11870 қоғамдық, мәдени бұқаралық іс-шаралар өткізілді. Шаралардың барлығы  қазақ тілінде өткізілді.

Облыстағы 85 спорттық шараның ашылу-жабылу, марапаттау рәсімдері бір мемлекеттік тілде ұйымдастырылды. Шараның жүргізілу барысы қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

29.

«Саясаткердің шешендік өнері», «Мемлекеттік қызметшінің көпшілік алдында сөз сөйлеуі», «Ресми мәтін және жазылым дағдылары» тақырыбында курстар, семинарлар, тренингтер ұйымдастыру

 тілдік курстар, семинарлар мен тренингтер

МҚІА, МБА (келісу бойынша)

мың теңге

мың теңге

 

2-бағыт.  Тілдік жоспарлауды іске асыру

7-нысаналы индикатор. Қазақ тілінің латынграфикалы әліпбиін пайдаланатын жазба коммуникациясына қатысушылардың үлесі

 

-

 

 

31.

Латынграфикалы әліпби негізіндегі қазақ тілінің орфографиялық, орфоэпиялық сөздіктерін, қазақ орфографиясы, орфоэпиясы бойынша анықтамалықтарды, сөз мәдениеті бойынша анықтамалықтарды,  практикалық стилистика мен пунктуация бойынша құралдарды, қазақ тілінің үлкен бір томдық сөздігін, қазақ тілінің үлкен 20 томдық сөздігін, жаңа қазақ грамматикасын әзірлеу, басып шығару және тарату

сөздіктер, анықтамалықтар,

құралдар

ҒЖБМ,

 «Тіл білімі институты»  ШЖҚ РМК (келісу  бойынша)

 

мың теңге

мың теңге

 

32.

Көшу кестесін бекіте отырып, қазақ тілінің латынграфикалы әліпбиін енгізу бойынша ғылыми-ұйымдастыру міндеттерін жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар өткізу

семинар, конференция, конкурс

ҒЖБМ

 

мың теңге

мың теңге

 

33.

Қазақстанға импортталатын және елде өндірілетін техникалық құралдарда (компьютерлер, пернетақталар және т.б), сондай-ақ әзірленетін мобильдік қосымшалар мен сайттарда қазақ тілді интерфейстің және қазақ әліпбиі әріптерінің болуын қамтамасыз ету мәселелерін пысықтау (әліпби мен емле ережелері бекітілгеннен кейін)

ПӘ-ге ұсыныс

ЦДИАӨМ

мың теңге

мың теңге

 

34.

Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін бейнеблоктар әзірлеу

бейнеблоктар

ҒЖБМ

 

мың теңге

мың теңге

 

36.

Жергілікті атқарушы органдар жанындағы оқу орталықтарының оқытушылары мен ересек тұрғындарды оқыту үшін филологтар мен лингвист-ғалымдарды тарта отырып, семинарлар, дәрістер, курстар ұйымдастыру

семинарлар, дәрістер, курстар

ҒЖБМ, ЖАО

мың теңге

мың теңге

«Қазақ тілін латын графикасына көшіру жұмыстарын жүргізу» бағытында 2024 жылы жетілдірілген жаңа латыннегізді әліпби әлі ресми бекітілмегендіктен, насихаттау жұмыстары уақытша тоқтатылды. Дегенмен, мемлекеттік тіл оқыту курсының 1 сағаты жетілдірілген жаңа латыннегізді әліпбиға арналып, «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері» бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, «Еліме елеулі ұлы есімдер» тақырыбында латын графикалы әліпби негізінде ашық диктант жазу ұйымдастырылды. Жалпы 90 ақпараттық сағат өткізіліп, 1 880 адам қамтылды. 

37.

Орфографикалық жұмыс тобының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Тіл саясатын іске асыру жөніндегі мемлекеттік комиссияның латын графикасына кезең-кезеңімен көшуге байланысты отырыстарын өткізу (латын графикасына көшуге қатысты өзекті мәселелерді талқылау)

хаттама

ҒЖБМ

 

мың теңге

мың теңге

 

3-бағыт.  Тіл үйрету әдістемесін жетілдіру

8-нысаналы индикатор. Жетілдірілген әдістемемен мемлекеттік тілді оқыту курстарынан өткендер саны

 

43000

1700

Орындалды. Өңірлер бөлінісіндегі декомпозицияға сәйкес Ақтөбе облысы бойынша жоспарлы көрсеткіш – 1550

38.

Қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру үшін қазақ тілін  оқытушылар мен әдіскерлердің тәжірибе алмасуы жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру

іс-шаралар

ҒЖБМ, ЖАО

мың теңге

мың теңге

«Жас маманның тәжірибесінен: ұсыныстар мен перспективалар» жас оқытушылардың біліктілігін арттыру шарасы, «Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер» тақырыбында семинар-кеңес ұйымдастырылып, тіл оқытушылары тілдерді оқытудың жаңашыл әдіс-тәсілдері туралы тәжірибе алмасты, біліктілігін арттырып, сертификаттарға ие болды.

  «Цифрлық технологиялар арқылы мемлекеттік тілді меңгерту: тиімді әдістер мен құралдар» атты 50 адамды қамтитын Ақтөбе облысының колледждер педагогтері мен студенттеріне (болашақ жас мамандарға) арналған семинар-тренинг өткізілді. Шара қатысушыларына цифрлық технологиялардың, атап айтқанда, интернет платформалары мен мобильді қосымшаларының тіл үйрену процесінде қолжетімділігі, әрбір тіл үйренушінің тілдік деңгейіне, қызығушылығына және оқу қарқынына сәйкес тіл үйренуді өзіне бейімдеуге мүмкіндік беретіндігі туралы ақпарат берілді.

Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

 «Көпшілік алдында сөз сөйлеу мәдениетін дамыту» атты семинар-тренингке мемлекеттік қызметшілер, білім саласының қызметкерлірінен 100 қатысушы қамтылды. Шара спикерлері ретінде шақырылған журналист, медиа-тренер, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Ақтөбе қаласындағы филиалының тренері, жанұялық психолог, SMM жетекші, ментор тренингтер өткізді.

Семинар қатысушылары әлемдік жаһандану заманында медиабелсенділіктің маңызы, шаршы топта сөз сөйлеу, оның ішінде қазақ тілінде сөйлеу, аудиториямен байланыс/кері байланыс орнату, теріс пікірлерге мәдениетті жауап қайтару, жанжалды жағдайлардан шығу әдістері, әлеуметтік парақшаның визуалы, контент жоспар құру, ой-пікір/пост жазу,  өзекті сауалға жедел жауап беру, ақпаратқа үн қосу, SMM-маркетинг, стратегияларды дамыту туралы ақпарат алды, сертификаттар табысталды.

39.

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қазақ тілін оқытудың үздік авторлық әдістемесі» республикалық конкурсын өткізу

конкурс

ОМ

мың теңге

мың теңге

 

40.

Қазақ тілін үйрету әдістемесі бойынша ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектерді жүйелеудің арнайы ортақ базасын әзірлеу

база

ҒЖБМ

мың теңге

мың теңге

 

41.

А1, А2, В1, В2, С1 деңгейлері бойынша лексикалық және грамматикалық минимумдар әзірлеу

грамматикалық минимум

ҒЖБМ

мың теңге

мың теңге

 

42.

А1, А2, В1, В2, С1 деңгейлері бойынша оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар әзірлеу

оқулықтар, құралдар

ҒЖБМ

мың теңге

мың теңге

 

43.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында «Қолданбалы лингвистика», «Компьютерлік лингвистика» мамандықтары бойынша мамандар даярлау

есеп

ҒЖБМ

мың теңге

мың теңге

 

44.

Тілдерді оқыту орталықтарының оқытушылары арасында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы республикалық конкурс ұйымдастыру

конкурс

ҒЖБМ, ЖАО

мың теңге

мың теңге

2024 жылы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы облыстық іріктеу байқауы ұйымдастырылды. Алайда, облыстық байқаудың жеңімпазының жұмыс ауыстыруына байланысты Семей қаласында өткен республикалық байқауға үміткер қатыспады.

45.

Этностардың мемлекеттік тілді және ана тілдерін үйренуіне арналған бейнесабақтарды әзірлеу

бейнесабақтар

ҒЖБМ, ЖАО

мың теңге

мың теңге

2024 жылы этностардың мемлекеттік және ана тілдерін үйренуіне арналған бейнесабақтар әзірленген жоқ. Дегенмен этнос өкілдерінің мемлекеттік тілді үйренуіне қолдау көрсету мақсатында «Қазақша сөйлесейік» авторлық жобасы әзірленді. Аталмыш жоба бойынша Қоғамдық келісім жанында құрылған  «Мәміле» тілдесу клубы отырысында дәріс берілді.

46.

Азаматтар үшін «Қазақ тілі» жаппай ашық онлайн курстарын ұйымдастыру

онлайн курстар

ҒЖБМ

мың теңге

мың теңге

 

47.

Тілдерді оқыту орталықтары оқытушыларының еңбекақысын арттыру мәселесін пысықтау  

ПӘ-ге ұсыныс

ҒЖБМ

мың теңге

мың теңге

 

9-нысаналы индикатор. Мемлекеттік тілді В2 деңгейінде меңгерген оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін мектеп түлектерінің үлесі         

 

45

 

 

49.

Қазақ тілі пәні мұғалімдерінің біліктілігін жоғарылату (сапалық құрамын арттыру)

курстар, семинарлар

ОМ

мың теңге

мың теңге

 

4-бағыт. Қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамыту

10-нысаналы индикатор. «Қазақ тілінің ұлттық корпусы» жобасының мәтіндік базасы көлемінің үлесі

 

24

 

 

51.

Қазақ тілі ұлттық корпусының кіші корпустарының құрылымы мен мазмұнын (сөйлеу стильдеріне сәйкес) қалыптастыру  

жаңартылған кіші корпустар

ҒЖБМ, «Тіл білімі институты» ШЖҚ РМК  (келісу  бойынша),             «Тіл-Қазына» КеАҚ орталығы (келісу  бойынша)

мың теңге

мың теңге

 

52.

Ашық онлайн энциклопедияны қазақ тіліндегі ғылыми мақалалар, жарияланымдармен, еңбектермен және мәліметтермен толықтыру

жарияланымдар

ҒЖБМ, МО

мың теңге

мың теңге

 

11-нысаналы индикатор. Реттелген терминологиялық қордың үлесі (2022 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда, өсу қорытындысымен)

 

15

 

 

53.

Республикалық терминология комиссиясының отырыстарын өткізу 

хаттамалар,  электрондық бюллетень,  сараптама қорытындылары

ҒЖБМ

мың теңге

мың теңге

 

54.

Терминологияның өзекті мәселелері бойынша іс-шаралар өткізу

семинарлар, конференция, конкурстар

ҒЖБМ

мың теңге

мың теңге

 

55.

Қазақ тілі терминологиясының ғылыми негіздерін жетілдіру жөніндегі шаралар қабылдау  (қазақ тілінің сөзжасамдық, фонетика-морфологиялық табиғатына сай  кірме терминдерді игерудің тиімді модельдерін әзірлеу және процесті автоматтандыру)

кірме терминдердің базасы

ҒЖБМ

 

мың теңге

мың теңге

 

56.

Бекітілген терминдерге мониторинг жүргізу

мониторинг нәтижесі

ҒЖБМ

мың теңге

мың теңге

 

5-бағыт.  Қазақ тіліндегі контенттің үлесін арттыру

12-нысаналы индикатор. Мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақтілді контенттің үлесі

 

83,5

 

 

57.

Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы азаматтық қоғам институттарына, белсенді азаматтарға, еріктілерге қазақ тілін қолдауға бағытталған акциялар, іс-шаралар, бастамашыл жобалар өткізуде қолдау көрсету

акциялар,

іс-шаралар

ҒЖБМ, МАМ 

мың теңге

мың теңге

 

58.

«Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсын ұйымдастыру

конкурстар

ҒЖБМ, МАМ

мың теңге

мың теңге

 

59.

Мәдениет ұйымдарының (театр, кино) репертуарын қазақтілді жаңа контентпен, оның ішінде балалар мен жасөспірім көрермендер аудиториясына арналған шығармалармен толықтыру

іс-шаралар

МАМ, ЖАО

 

мың теңге

мың теңге

2024 жылдың қорытындысы бойынша Т.Ахтанов атындағы драма және «Алақай» қуыршақ театрларында мемлекеттік тілде барлығы 641 қойылым көрерменге тарту етілді. Театрлар репертуарлары көрерменнің көңілінен шыққан мемлекеттік тілдегі М.Әуезовтің «Қобыланды» дастан-драмасы, Ш.Құсайыновтың «Мама» драмасы, Т.Теменовтың «Махаббат бекеті» мелодрамасы, «Сиқырлы қыс әлемі», «Наурызнама» қойылымдары мен «Қош келдің, нұрлы мереке», «Жаңажылдық ойжұмбақ», «Ат тұяғын тай басар»  ертегілерімен толықты.

60.

Мемлекеттік тілде инновациялық ІТ-жобаларды және тілді ақпараттық насихаттау жобаларын, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар үшін әзірлеу және шығару

ІТ-жобалар, шаралар

ҒЖБМ

мың теңге

мың теңге

 

61.

Мемлекеттік тілді оқыту мақсатында балаларға, оның ішінде есту қабілеті бұзылған балаларға арналған қазақ тіліндегі танымдық ойындарды әзірлеу

электрондық ойындар

ҒЖБМ

мың теңге

мың теңге

 

62.

Қазақ тілін онлайн оқыту және оны дамыту, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарға арналған платформаны кезең-кезеңімен әзірлеу

онлайн платформа, мобильді қосымша

ҒЖБМ

мың теңге

мың теңге

 

63.

Портативті электрондық құрылғы шығару арқылы Брайль әліпбиіне негізделген қазақ тіліндегі білім беру өнімін іске асыру

электрондық құрылғы

ҒЖБМ

мың теңге

мың теңге

 

66.

Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған журналдар шығару («Балапан әлемі», «Тіл және қоғам», «Туған тіл») 

журналдар шығару

ҒЖБМ

мың теңге

мың теңге

 

Целевой индикатор 13. Объем разработанных анимационных продуктов на государственном языке

 

1000

 

 

67.

Ұлттық құндылықтарды насихаттайтын анимациялық өнімдерге қолдау көрсету

есеп 

МАМ

мың теңге

мың теңге

 

68.

0-5 жастағы балаларға арналған мемлекеттік тілдегі  мультфильмдер мен танымдық телебағдарламалар әзірлеу

мультфильмдер мен телебағдарламалар

МАМ

мың теңге

мың теңге

 

69.

Танымал шетелдік анимациялық фильмдерді қазақ тіліне аудару, «Balapan» телеарнасында және оның YouTube арнасында трансляциялау

анимациялық фильмдер

МАМ

мың теңге

мың теңге

 

70.

Балалардың тілін дамытуға арналған анимациялық фильмдер, сондай-ақ әдебиеттер мен иллюстрациялар (комикстер) әзірлеу 

анимациялық фильмдер, әдебиеттер

МАМ

мың теңге

мың теңге

 

Күтілетін нәтиже: Күнделікті өмірде мемлекеттік тілді қолданатын тұрғындардың үлесі

 

50,2

82

Орындалды. «Ақтөбе облысындағы тілдік ахуал» тақырыбындағы әлеуметтік зерттеу нәтижелеріне сәйкес 2024 жылы қоғамдық қызметтің негізгі салаларында мемлекеттік тілдің қолданыс аясы 82% болды.

Күтілетін нәтиже: Үш тілді (қазақ, орыс және ағылшын) қатар меңгерген тұрғындардың  үлесі

 

30

19,5

Ішінара. «Ақтөбе облысындағы тілдік ахуал» тақырыбындағы әлеуметтік зерттеу нәтижелеріне сәйкес 2024 жылы бұл көрсеткіш 19,5% құрап отыр.

 

Ескертпе: Қосымшадағы реттік саны Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының реттік санына сәйкес келеді.

 

_________

Дата публикации
12 марта 2026