Мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастырудың маңыздылығы

Мемлекеттік қызмет – бұл мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттіктерді орындау бойынша мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметкерлердің қызметі. Мемлекеттік қызмет үшін беделдің маңызды функционалдық және мәртебелік маңызы бар.

Ол халықтың және мемлекетпен жүргізілетін басқарушылық қызметінің тиімділігін бағалау критерийлерінің сенімділік деңгейінің көрсеткіштері болып табылады.

Мемлекеттік қызметшінің оң имиджіне көрінетін негізгі жағдайлар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінде анықталған.

Мемлекеттік қызметкер болу – зор құрмет, сондықтан кәсібилікпен бірге жоғарғы адамгершілік қасиеттерге ие болған абзал. Мемлекеттік қызметкер болуға үміткер мамандар халық алдында жауапкершілікті сезіне білуі үшін мемлекеттік қызметтің беделін көтеру керек. Мемлекеттік қызметшінің имиджі өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін және парасаттылық атмосферасын қалыптастыру.

Ұжымға басшылық жасамас бұрын, бағына білуді үйренуі, өз қызметкерлерінен талап етіп отырғанын өзі орындай білуі керек. Егер мемлекет мүддесіне нұқсан келіп жатқанын немесе сыбайлас жемқорлық әрекеттерін көрсе, дереу араласып, алдын алу шараларын қолдануы керек.

Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуға тиіс.

Мемлекеттік қызметші қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеуге тиіс.

Мемлекеттік қызметкердің жағымды имиджін қалыптастыру және нығайту барысында мемлекеттік қызметтегі әрбір маман өз қызметінің барлық жауапкершілігін толықтай сезініп, қызмет амалдарын жетік меңгеріп, өз ісінің білікті маманы болуы қажет.

 

 

Дата публикации
05 марта 2026