Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасына 2026 жылы келіп түскен өтініштер туралы ақпарат Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасына 2026 жылдың І жартыжылдығы бойынша 16 өтініш тіркелген. ҰОС және еңбек ардагерлерін, қоғам қайраткерлерінің есімдерін ұлықтап, көшеге атау беру бойынша 2, азаматтардың мемлекеттік тілде қызмет ала алмауына байланысты 6, "Ақтөбе қаламгерлері" қоғамдық қорына қаржылай көмек беру туралы 1, көрмейтін азаматтарға арнап шығарылатын оқулықтарға қолдау көрсету бойынша 1, Жаңа Конституцияның 9-бабының 2-тармағына байланысты түсіндіру туралы 2, Ақтөбе облысы бойынша Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының филиалы жанынан құрылатын Өңірлік кеңестің құрамына енгізілетін 7 (жеті) мүшені әкімдік тарапынан ұсынуды және кеңес құрамын бекіту процесін бірге ұйымдастыруға жауапты тұлғаны белгілеуді сұрау туралы 1 өтініш келіп түскен. Жеке және заңды тұлғалардан басқармаға келіп түскен өтініштердің барлығына заңнама талаптары негізінде уақытыл жауап берілді.