«Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының кейбір елді мекендерін қайта атау туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының бірлескен қаулысы және шешіміне БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

«Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының кейбір елді мекендерін  қайта атау туралы»

Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының бірлескен қаулысы және шешіміне БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ 

Нормативтік құқықтық актіні ұсынушы мемлекеттік орган Ақтөбе облысының әкімдігі болып табылады.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі  басқару туралы» Қазақстан  Республикасы Заңының 6 және 27-баптарына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына, «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің  2023 жылғы 1 тамыздағы № 211 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33238 тіркелген)  бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдерінің қысқаруын көздемейді.

Қоғамдық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңестің 2024 жылғы 13 ақпандағы  №01-9/20 қорытындысы алынды.

Нормативтік құқықтық актінің жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2024 жылдың 8 ақпанында орналастырылды. Қоғамдық талқылаудың мерзімі 2024 жылдың 22 ақпанында  аяқталды. Есептемені қарау 123 бірлік, жобаға «қарсы емеспін» дауыс берген 6 бірлік, жобаға «қарсы» дауыс берген 0 бірлік, түскен ұсыныстар саны 2. Түскен ұсынысқа жауап қайтарылды.

 

Дата публикации
22 февраля 2024