Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының кейбір елді мекендерін қайта атау туралы

 Жоба 

 

 

Ақтөбе облысы әкімдігінің бірлескен ҚАУЛЫСЫ

және облыстық мәслихаттың ШЕШІМІ

 

Ақтөбе қаласы                             №____                   2024 жылғы 12 наурыз

 

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының

кейбір елді мекендерін

қайта атау туралы 

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі  басқару туралы» Қазақстан  Республикасы Заңының 6 және 27-баптарына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына, «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 211 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33238 тіркелген)  бұйрығына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының  2024 жылғы 1 ақпандағы қорытындысы,  Мәртөк ауданы әкімдігі және мәслихатының ұсыныстары, тиісті аумақ халқының пікірін ескеру негізінде Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының мынадай ауылдық округі және ауылдары:

  Родников ауылдық округін «Бұлақты» ауылдық округі;

  Родников ауылдық округінің Родниковка ауылын «Бұлақты» ауылы;

  Аққұдық ауылдық округінің Вознесеновка ауылын «Аққұдық» ауылы деп қайта аталсын.

  1. Осы бірлескен Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысы және Ақтөбе облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.      

 

Облыс әкімі                                                                        А. ШАХАРОВ

 

 Облыстық

мәслихаттың төрағасы                                                                        Г. СҮЙІНТАЕВА

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының кейбір елді мекендерін қайта атау туралы
Дата публикации
08 февраля 2024