Жалпы ережелер
1) бөлім басшысы -1 бірлік
2) бас маман - 2 бірлік
Міндеті:
1.Облыс аумағында оңтайлы ономастикалық ахуал қалыптастыру – ұлттық ономастика жүйесін дамыту бағытында шаралар ұйымдастыру;
2.Елді мекендердің, ауылдық округтердің, ауылдардың, аудандық маңызы бар қалалардың, әкімшілік-аумақтық бірліктерінің тарихи атауларын қалпына келтіру, атаулар беру, қайта атау жұмыстарын ұйымдастыру, насихаттау, түсіндіру жұмыстары жүйесін қалыптастыру.
4.»Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңының 21- бабының орындалуы бағытындағы жұмыстарды үйлестіреді;
Функциясы:
Облыстық ономастика комиссиясының жұмысын ұйымдастырады, объектілерге, құрамдас бөліктерге атау беру, қайта атау жөніндегі түскен ұсыныстардың заңнама талаптарына сәйкес, сапалы дайындалуына бақылау жасайды; Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясына жолдайды;
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің стратегиялық жоспарына сәйкес ономастикалық атауларды ретке келтіруде ашықтық қағидаттарының сақталу үлесі бойынша нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізуді үйлестіреді;
Әкімшілік-аумақтық бірліктердің атауларын ретке келтіру, тарихи-географиялық атауларды қалпына келтіру мәселелерін зерттеу, талдау жұмыстарына қатысады;
Көрнекі ақпарат саласындағы мемлекеттік тілдің қолданылуын бақылайды, деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде әдістемелік жұмыстар жүргізеді;
БАҚ-да ономастика мәселелерін насихаттау және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
Ономастика мәселелері бойынша мерзімді баспа материалдарын (журнал, бюллетень, альбом, сараптама, жинақтар, т.т.) шығаруды жүзеге асырады;
Топонимикалық және есепке алынған әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша ғылыми-талдамалық, ғылыми-практикалық жұмыстарды қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
Көрнекі ақпараттарды біріздендіру бағытында шаралар кешенін ұйымдастырады, әдістемелік топтамалар әзірлейді;
«Мекенжай тіркелімі» жүйесі бойынша топонимдер сөздігіне атаулар енгізу, әдістемелік көмек көрсетеді;
Халыққа қызмет көрсету орталығы, Жылжымайтын мүлік орталығы, облыстық Статистика департаменті, АХАЖ бөлімімен, Әділет департаментімен,мүдделі мекемелермен ведомстволық байланыс орнатады;
Облыстағы өзгертілуге жататын топонимикалық және есепке алынған әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша ғылыми-талдамалық, ғылыми-практикалық жұмыстарды қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
Бөлімнің негізгі мәселелері бойынша жоғары органдарға ақпарат, баяндамалар, топтамалар дайындайды;
Бөлімнің жұмысын жоспарлайды, бөлімнің жұмыс жоспарының орындалуын қадағалайды, жүйелейді.
Облыстық ономастика комиссиясының отырысына түскен ұсыныстардың заңнама талаптарына сәйкес, сапалы дайындалуын қамтамасыз етеді;
Ономастика саласында ахуалды саралау жөніндегі әлеуметтанушылық зерттеулер ұйымдастырады, мониторингтер жүргізеді;
Көрнекі ақпаратты дұрыс жазу бойынша консультациялық түсіндіру жұмыстарын үйлестіреді;
Қазақстан Республикасының ұлты қазақ азаматтардың тегін, әкесінің атын және жалқы есімдерін реттеу мәселелері жөніндегі жұмысты үйлестіреді, практикалық, әдістемелік іс-шаралар ұйымдастырады, осы мәселелер жөніндегі өтініш, сұраныстарға жауаптар дайындайды, тұрғындарға анықтамалар береді;
Ономастикалық атауларды ретке келтіруде ашықтық қағидаттарының сақталуы бойынша көрсеткішке қол жеткізуді үйлестіреді;
Қалалық, аудандық мемлекеттік органдардан ақпараттар жинақтайды, ұсынымдар әзірлейді, деректер базасын жүргізеді;
Бөлімнің жұмысына қатысты үкіметтік емес ұйымдармен жұмыстарды үйлестіреді;
Халыққа қызмет көрсету орындарында, транспортта көрнекі ақпараттардың заңнама талаптарына сәйкес жүргізілуі бойынша ұсыныстар жинақтайды, әдістемелік материалдар жинақтап әзірлейді;
Көрнекі ақпараттар бөлігінде жарнама агенттіктерімен, кәсіпорындармен тығыз байланыс орнатады;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы фактілерін болдырмау бағытында іс-шаралар жоспарын дайындайды, ақпараттар әзірлейді;
Е-архив «құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпараттық жүйесінің жүргізілуін қадағалайды;
Жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де функцияларды жүзеге асырады;
Өзінің функционалдық міндеттері шеңберінде басқарманың істер номенклатурасына сәйкес іс қағаздарын жүргізеді;
Азаматтардан, заңды тұлғалардан түскен арыз өтініштерге, депутаттық сауалдарға және басқа да құжаттарға уақытылы жауап берілуін қадағалайды;
Өз құзыреті шеңберінде ақпараттар, анықтамалар дайындайды, бөлімнің құзыретіне кіретін басқа да міндеттерді атқарады;
5) Ономастикалық жұмыстар және талдау бөлімі өзінің негізгі мақсаттары мен функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес тиісті өкілеттіктерге ие болады.
6) Бөлімді Қазақстан Республикасының Заңнамасымен белгіленген тәртіпке сәйкес басқарма басшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бөлім басшысы басқарады.
7) Бөлім басшысы бөлімнің жұмысын ұйымдастырып, басқарады және бөлімге жүктелген қызметтер мен міндеттерді орындауға дербес жауапкершілікке ие.
8) Бөлім басшысы басқарма басшылығына тілдерді дамыту және үйлестіру жұмыстары бөлімінің штаттық кестесі, құрылымы жөнінде ұсыныс береді.
9) Құрылымдық бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға құрылымдық бөлімшенің басшысы, ал ол болмаған жағдайда - оны алмастыратын адам қол қояды.
Ономастикалық жұмыстар және талдау
бөлімінің басшысы Б.Әбиева