Тілдерді дамыту және үйлестіру жұмыстары бөлімінің ережесі 2024жыл

  1. Жалпы ережелер
  2. Тілдерді дамыту және үйлестіру жұмыстары бөлімі (әрі қарай – Бөлім) Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  3. Структурное подразделение в своей деятельности руководствуется Конституцией Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, Законом Республики Казахстан от 11 июля 1997 года «О языках в Республике Казахстан», «Концепцией развития языковой политики в Республике Казахстан на 2023-2029 годы», утвержденной Постановлением Правительства Республики Казахстан от 16 октября 2023 года № 914, другими нормативно-правовыми актами Республики Казахстан, регулирующими отношения, касающиеся государственной языковой политики.
  4. Тілдерді дамыту және үйлестіру жұмыстары бөлімнің штаттық кестесі, құрылымы Басқарманың құрылтайшысы (уәкілетті орган) Ақтөбе облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасымен бекітіледі.
  5. Тілдерді дамыту және үйлестіру жұмыстары бөлімі:

1) бөлім басшысы -1 бірлік

2) бас маман - 1 бірлік

 

  1. Тілдерді дамыту және үйлестіру жұмыстары бөлімінің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен жауапкершілігі

         Міндеті:

  1. Басқарма қызметінің тиімділігін арттыру;

1.1. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде толыққанды қызметін қамтамасыз ете отырып, латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғырту;

1.2. Тіл мәдениетін арттыруға және тілдік капиталды дамытуға бағытталған үйлесімді тіл саясатын жүргізу және қазақ тіліндегі контенттің үлесін арттыру

1.3. Мемлекеттiк тiлдi және басқа тiлдердi дамытуға бағытталған маңызды шаралар кешенiн жүзеге асыру;

1.4. Қазақстан Республикасының тiл туралы заңының орындалуын бақылау;

Функциялары:

Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асырады, жұмыстарды үйлестіреді;

Орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлiмшелерiнiң және аудандық атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының тiл туралы заңдарының сақталуына профилактикалық бақылаудың жартыжылдық кестесін әзірлеп, атқарушы органға бекітуге ұсынады, профилактикалық бақылау жүргізеді, ұсынымдар береді;

Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының іске асырылуына талдау жасайды, нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткішіне қол жеткізуді үйлестіреді;

ҚР Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін.  Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының  Тілдік негізде кемсітушіліктің кез келген түрлеріне бір уақытта табанды қарсы тұрып, мемлекеттік тілдің одан әрі дамуы мен практикалық қолданылуын ынталандыру туралы тармағының орындалуын қамтамасыз етеді;

Басқарма қызметі мәселелеріне қатысты жоспарлауға қатысады, ұсыныстар енгізеді;

         Облыс тұрғындарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi ұйымдастырушылық жұмыстарды үйлестіреді;

      Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдарда тiлдердi қолдануға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар мен мәселелерді реттеуге қатысады;

            Басқарма құзыретіне жататын сұрақтар бойынша заңнама талаптарына сәйкес келісуге ұсынылған нормативті-құқықтық актілерге сараптама жүргізуді іске асырады; 

Латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі мен емле ережелерінің жобаларын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды енгізеді, ақпараттық, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді көрнекі өнімдер, таратпа материалдар әзірлейді;

Этностардың мемлекеттік тілді және ана тілдерін үйренуіне арналған бейнесабақтарды, оқу-әдістемелік құралдарды, сөздіктер мен үлгілік бағдарламаларды әзірлеуге қатысады;

         Қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту бағытында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастырады;

Үкіметтік емес ұйымдармен жұмысты үйлестіреді; мемлекеттік тілдің беделін, сұранысын арттыру, қолданылу аясын кеңейтуді ынталандыру бағытындағы жұмыстарды жүзеге асырады;

         Азаматтарының тілдік капиталын дамыту бағытында үш тілділікті ілгерілету бойынша жобаларды іске асырады;

      Шетелдегі қазақ диаспорасының өкілдеріне ана тілін үйренуде әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсетуді үйлестіреді;

Облыста қалыптасып отырған тілдік ахуалды зерделеу мақсатында әлеуметтанушылық, талдамалық зерттеу жұмыстарын үйлестіреді;

          Тіл саласының өзекті мәселелері бойынша талдау материалдарын дайындап  жариялайды, хабарларға қатысып сұхбат береді;

         Мүдделі органдарға бөлімнің негізгі мәселелері бойынша ұсыныстар дайындайды және енгізеді, ведомствоаралық байланыс орнатады;

            Мекемелерге, кәсіпкерлік субъектілеріне, квазимемлекеттік секторға олардың тіл заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етуі мақсатында  түсіндіру жұмысын жүргізеді, әдістемелік көмек көрсетеді;

            Басқарманың тапсырысы бойынша бюджеттік бағдарламалар есебінен іске асырылатын жобалардың орындалу барысын бақылайды;

         Басқарманың жұмыс жоспарын әзірлейді, жоспарланған шаралардың орындалуын қадағалайды, жүйелейді;

         Мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақтілді контенттің үлесін арттыруға бағытталған жұмыстарды үйлестіреді, медиа-жоспарын әзірлеп, іске асырады;

         Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы белсенді азаматтарға, еріктілерге қазақ тілін қолдауға бағытталған бастамашылық-жобалар өткізуде қолдау көрсетеді;

Тілдік ортаны дамыту мен құрудың өзекті проблемалары жөнінде мерзімді баспасөз беттерінде, порталдарда, әлеуметтік желілерде материалдар жариялайды, теле және радиохабарлар ұйымдастыруға қатысады;

БАҚ-тармен тіл саясатын іске асыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды,  

Стратегиялық мақсат-міндеттерді жүзеге асыру шеңберінде жобалау қызметін іске асырады, облыстық жобалық кеңседе басқармаға қатысты жобалардың орындалуын үйлестіреді;  

Мемлекеттік органдардағы іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшіру жұмыстарын жүзеге асырады, мекемелердегі құжат айналым жүйесіне тоқсан сайын талдау жасайды;

Тіл саясатын жүзеге асыру, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен, түрлі қызметтік салалармен өзара іс-қимыл жасайды, ұсыныстар жинақтайды, жинақталған ұсыныстар негізінде жұмыстың іске асырылуын қамтамасыз етеді.

Тіл мәдениетінің деңгейін көтеру бағытында дәрістер, семинар-кеңестер, конференциялар және басқа да мемлекеттік бағдарламада көзделген шараларды жүзеге асырады;

Мемлекеттік тілдің беделін арттыруға, қолданылу салаларын кеңейтуге, тіл мәдениетін жетілдіруге (семинар-кеңестер, конференциялар, дәрістер, фестивальдер, кездесулер, акциялар және т.б.) қатысты іс-шараларды ұйымдастырады;

Азаматтардан, заңды тұлғалардан түскен өтініштер мен хаттарға, депутаттық сауалдарға және басқа да құжаттарға уақытылы жауап береді;

Басқарманың істер номенклатурасына сәйкес іс қағаздарын жүргізеді және құжаттарды уақытында қалыптастырады;

Өз құзыреті шегінде өзге де қызметтерді жүзеге асырады;

       Құқығы мен жауапкершілігі:

1) мемлекеттік тілді насихаттауға және дамытуға бағытталған мәдени-көпшілік іс-шараларды дайындау және өткізу, сондай-ақ осы мәселе бойынша басқа мемлекеттік мекемелермен  өзара іс-қимыл жасауға;

2) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңында белгіленген талаптардың бұзылуын жою туралы тиісті органдарға ұсынымдар жасауға;

3) тұрғындардың хаттары мен өтініштерін белгіленген  тәртіппен қарауға;

4) мемлекеттік органдар мен мекемелерден, ведомстволардан, кәсіпорындардан және лауазымды тұлғалардан өз құзыреті шегінде  ақпаратты және материалдарды алуға және сұратуға; 

5) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын  одан  әрі жетілдіру, мемлекеттік тіл саясатының тиімділігін  арттыру, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту жөнінде ұсыныстар енгізуе құқығы бар.

 

  1. Тілдерді дамыту және үйлестіру жұмыстары бөлімінің қызметін ұйымдастыру

6) Тілдерді дамыту және үйлестіру жұмыстары бөлімі өзінің негізгі мақсаттары мен функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес тиісті өкілеттіктерге ие болады.

         7) Бөлімді Қазақстан Республикасының Заңнамасымен белгіленген тәртіпке сәйкес басқарма басшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бөлім басшысы басқарады.

8) Бөлім басшысы бөлімнің жұмысын ұйымдастырып, басқарады және бөлімге жүктелген қызметтер мен міндеттерді орындауға дербес жауапкершілікке ие.

9) Бөлім басшысы басқарма басшылығына тілдерді дамыту және үйлестіру жұмыстары бөлімінің штаттық кестесі, құрылымы жөнінде ұсыныс береді.

10) Құрылымдық бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға құрылымдық бөлімшенің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.

 

 

 

Тілдерді дамыту және үйлестіру

жұмыстары бөлімінің басшысы                                                       М.Жанасова

 

 

 

Дата публикации
19 января 2024