Ономастикалық жұмыстар және талдау бөлімінің 2023 жыл бойынша атқарған жұмыстарының есебі

Ономастикалық жұмыстар және талдау бөлімінің 2023 жыл бойынша жұмыс қорытындысы 

Облыс бойынша 1 облыстық  маңызы бар қала,  12 аудан, 7  аудандық маңызы бар қала, 136  ауылдық округ, 359 ауыл, 4764 құрамдас бөлік, оның ішінде  3834– і көше). Облыс бойынша тіркелген  3834 көше атауының:

- 1320-сы (34,4%) –  дәстүрлі топонимдер (Наурыз, Достық, Бірлік, Бозқараған, Көкжар, Лашын т.с.с.);

- 1815-сы (47,3%) – тарихи тұлғалар есімдері (Әбілқайыр хан, Жанқожа батыр, Қарағұл батыр, Ы.Алтынсарин, Д.Қонаев, Ә.Молдағұлова, М.Мәметова т.с.с.);

- 699 (18,3%) – көшеге топонимикалық жүгі жоқ (Мұра, Нысанды, Жасыл, Білім нәрі, Ұстаздар)  және аса танымал емес кісі есімдері (Қазкеев, Е.Сағынов, Ғ.Жанесов, Серғазы, Қ.Абдрахманов, Д.Кузьменко, С.Есенғалиев, Бөктеев т.с.с.) берілген.

Өңірде елді мекендерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне, мемлекет меншігіндегі объектілерге атау беру, қайта атауда Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісілген, Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясы мақұлдаған «Тарихи тұлғалар», «Жер-су атаулары»  тізімі, 2022-2025 жылдарға арнап  жасалған жол картасы,  Қазақстан Республикасындағы ономастикалық жұмыстарды ұйымдастыратын әдістемелік ұсынымдар негізге алынады.

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023 жылғы 9 маусымдағы
№ 154 қаулысы және Ақтөбе облыстық мәслихатының 2023 жылғы 9 маусымдағы № 32 шешімімен Ақтөбе қаласының 1 шағын ауданына (Батыс-1,2 – Алтын Орда), 19 тұрғын үй алабына (Жаңақоныс-3 – Сұлутөр, Жаңақоныс-5 – Арман, Бауырластар-3 – Байқадам, Бауырластар-5 ­– Көкжиде, Сазды-3 – Серпін, Парасат – Парасат.), 39 атауы жоқ көшесіне (Ғабиден Мұстафин, Қадыр мырза Әлі, Тұманбай Молдағалиев, Есенбай Дүйсенбайұлы, Сапура Мәтенқызы, Бопай ханым, Сәрке батыр, Мақсот Құсайынов, Өтеген Тұрмағамбетов, Нәби Жақсыбаев, Сары Батақұлы, Ақтоғай, Геологтар, Айгөлек, Саралжын т.б.), 2 атауы жоқ даңғылына (Жалаңтөс батыр, Алаш) атау беріліп, атаулары идеологиялық тұрғыдан ескірген 38 көшесі (Московский көшесі – Сайым Балмұқанов көшесі, Первомайский көшесі – Ізтай Мәмбетов көшесі, Пожарский көшесі – Өтеген Тұрмағамбетов көшесі, Снайперский көшесі – Нәби Жақсыбаев көшесі, Советский көшесі – Қажығали Мұханбетқалиұлы, Комсомольский көшесі – Баян батыр көшесі, Кленовый көшесі – Ойыл көшесі) қайта аталды.

Аталмыш атаулар Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 16 маусымда № 8362 болып тіркелді.

Облыстық ономастика комиссиясының қарауына аудандардан (Алға ауданы бойынша 5, ,Мұғалжар ауданы бойынша 4 атауы) атауы жоқ құрамдас бөліктерге атау беру бойынша ономастика комиссиясына 9 ұсыныс түсіп, барлығына оң қорытынды берілді.

 Облыс бойынша идеологиялық тұрғыдан ескірген елді мекен атауларының өзінің байырғы атауларын қайтару бойынша облыс әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясы мүшелерін, облыстық, қалалық, аудандық мәслихат депутаттарын, қоғамдық ұйым өкілдерін тарта отырып, жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді.

Идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулары бар елді мекендер мен олардың құрамдас бөліктерін қайта атау жұмыстары 2022-2025 жылдарға арналған жол картасы негізінде жүзеге асырылуда.

2022 жылы жоғарыда аталған жол картасы негізінде облыс бойынша идеологиялық тұрғыдан ескірген 20 құрамдас бөлік қайта аталып,  тапсырма  100 %-ға орындалды.

2023 жылы аталмыш жол картасы негізінде 2 елді мекен, 52 құрамдас бөлік атауларын қайта атау жоспарланған болатын. Қазіргі таңда Түркістан қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет Басшысы Қ.К.Тоқаевтың берген тапсырмасын орындау мақсатында кешенді жұмыстардың жүргізілуіне орай облыс әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының жұмысы уақытша тоқтатылды. Аталмыш жұмыстар аяқталан соң, жол картасы негізінде жұмыстар қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жалғасатын болады.

Ономастика саласындағы жүргізіліп жатқан жұмыстар облыс әкімдігінің сайтында орналастырылып, басқарманың фейсбук, инстаграмм әлеуметтік парақшаларында, жергілікті «Ақтөбе», «Актюбинский вестник»  газеттерінде де жарияланып отырылады. Алдағы уақытта да аталмыш жұмыстар жалғасатын болады.

Облыста мемлекеттік органдар мен түрлі ұйымдардың жарнама қалқандары мен өзге де маңдайшаларында мемлекеттік тілдегі мәтіндердің дұрыс ресімделуін қамтамасыз ету мақсатында «Мемлекеттік тіл – тірегім» ерікті топ мүшелерінен, қоғам белсенділерінен, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінен, қоғамдық ұйым өкілдерінен, тіл жанашырларынан құрылған топ кәсіпкерлік нысандарда, халыққа қызмет көрсету орындарында жүйелі түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Жүргізілген мониторинг жұмыстары барысында 4070 жарнама мәтіні сараланды. Тіл туралы заң бұзушылық орын алған 710 жарнама мәтінін түзету бойынша заңнама талаптары түсіндіріліп, 52 сауда үйі, 23 жабық базар, 35 салон, 24 спорт мекемесі, 53 мейрамхана, 30 дәмхана, 24 дәріхана, 53 көлік жуу, жөндеу орталықтары,  52 азық-түлік,  киім дүкендері иелеріне көрнекі ақпарат мәтіндерінің, маңдайша жазулараның, жарнама қалқандарының, деректемелердің тілдік нормаларға сай, сауатты мазмұнды рәсімделуіне әдістемелік көмек көрсетілді.

Жүргізілген жұмыс барысында ұлтаралық қатынастарды шиеленістіретін жағдайлар орын алған жоқ. Жалпы облыс бойынша қоғамдық-саяси жағдай, тілдік ахуал тұрақты.

Сонымен қатар басқарманың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында көрнекі ақпаратта кездесетін қателерді анықтап, тілдік қателер кездескен жағдайда оларға әдістемелік көмек беру, түзету жұмыстарын жүргізу мақсатында «Бізбен бірге» ҚҚ Ақтөбе қаласы және 12 ауданда «Сауатты жарнама – тіл тазалығының көрінісі!» акциясын өткізді. Акция барысында 2347 жарнама мәтініне талдау жасалып, қате рәсімделген 1290 жарнама мәтіні түзетілді. 

Жоба аясында атқарылған жұмыстар туралы облыс тұрғындарын ақпараттандыру мақсатында жергілікті «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының «Өзекті мәселе» бағдарламасында, облыстық «Ақтөбе», республикалық «Ана тілі» газеттерінде жарық көрді.

Акциялардың өту барысы туралы бейнероликтер әзірленіп, қала тұрғындарынан мемлекеттік тілдің қолданылуы аясы турасында сауалнамалар алынды. 

Ағымдағы жылдың 20 қазанында қоғамдық қор өкілдерінің ұйымдастыруымен қорытынды жиын өтті. Жиын барысында мониторинг қорытындысы бойынша үздік деп танылған 5 кәсіпкерлік нысан иесі «Ең сауатты жарнама», «Ең үздік аударма», «Қырағы көз», «Тіл жанашыры», «Мемлекеттік тілде үздік қызмет көрсетуші» номинацияларымен марапатталды.

Марапатталушыларға алғыс хат және естелік сыйлықтар табысталды. Шараның өту барысы жергілікті «Рика ТВ» телеарнасынан көрсетілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                 

 

Дата публикации
19 января 2024