Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасына 2025 жылы
келіп түскен өтініштер туралы ақпарат
Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасына 2025 жылы 90 өтініш келіп түскен.
Түскен өтініштердің 30-ы ҰОС ардагерлерінің, қоғам қайраткерлерінің, еңбек ардагерлерінің есімдерін көшелерге беру, бойынша түскен ұсыныстар.
Келесі 15 өтініште кәсіпкерлік нысандарда, халыққа қызмет көрсету орындарында мемлекеттік тілде қызмет ала алмауына байланысты
Өтініштердің 28-і – Ақтөбе қаласында орналасқан «В лаваше», «Мега флора», «Шебер», «World class», «Dober Doner», «Шебер», «Ваниль» және басқа да тамақтану, сауда орындарындағы кәсіпкерлік нысандарында ас мәзірінің, көрнекі ақпараттарының, кассалық аппараттардан берілетін чектердің тек орыс тілінде екендігін хабарлап, түзету жұмыстарын жүргізуді ұсынған. Аталмыш кәсіпкерлік нысандарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, барлық ақпараттар мемлекеттік тілге аударылды.
Жеке және заңды тұлғалардан басқармаға келіп түскен өтініштердің барлығына заңнама талаптары негізінде уақытыл жауап берілді.