«Ақтөбе қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының бірлескен қаулысы және шешіміне БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Нормативтік құқықтық актіні ұсынушы мемлекеттік орган Ақтөбе облысының әкімдігі болып табылады.

 

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі  басқару туралы»  Қазақстан  Республикасының   2001  жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 және 27-баптарына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы                                      8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына, «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдерінің қысқаруын көздемейді.

 

Қоғамдық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңестің 2022 жылғы 5 қазандағы                                        №01-2/182 қорытындысы алынды.

 

Нормативтік құқықтық актінің жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2022 жылдың 27 қыркүйегінде орналастырылды. Қоғамдық талқылаудың мерзімі 11 қазанда  аяқталды. Есептемені қарау 680 бірлік, жобаға «қарсы емеспін» дауыс берген 3 бірлік, жобаға «қарсы» дауыс берген 1 бірлік, түскен ұсыныстар саны 56. Түскен ұсынысқа жауап қайтарылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Ақтөбе қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының бірлескен қаулысы және шешіміне БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Дата публикации
12 октября 2022