Қазақ тілін оқыту курстары жайлы

Тілдерді оқыту орталығының тілдік курстары Ақтөбе қаласы ғана емес, орыс тілді орта қалыптасқан 3 ауданда (Қарғалы, Хромтау, Мәртөк,) жұмыс жасайды.

Мемлекеттік тілді оқып-үйренуге деген құлшыныс артуда. 2021 жылы 1800 адам, 2022 жылдың 10 айы бойынша 1281 адам мемлекеттік тілді оқыту курсына қамтылды.

Өз бетімен тіл үйренем деушілерге қашықтан оқыту жүйесі жұмыс жасайды. Тұрғындар til-aktobe.kz сайтына тіркелу арқылы қазақ тілін деңгейлер бойынша үйренуге мүмкіндігі бар. Цифрлық ортаға қолжетімді және түсінікті форматта оқытудың инновациялық түрлері әдістемелерін әзірлеу арқылы қазақ тілін қашықтан оқыту кеңінен енгізіліп келеді. Тілдерді оқыту орталығының til–aktobe.kz ақпараттық сайтында «Дистанционное обучение» бөліміне енгізілген  тілдер сабақтары қашықтан оқу әдісі арқылы  тілдерді өз бетінше үйренуге ниетті тұлға үшін өте қолайлы.

О курсах обучения казахскому языку
Дата публикации
03 октября 2022