Есеп комиеттінің 2020 жылғы 30 шілдедегі №6-НҚ «Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» нормативтік қаулысының 137 тармағының негізінде, «Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» ММ ақпараттық-имидждік іс-шараларын ұйымдастыруға және өткізуге бөлінген қаражатын пайдаланудың тиімділігіне аудиторлық іс-шара жүргізілді (2022 жылғы 28 қаңтардағы аудиторлық есеп).
Жүргізілген аудит нәтижелері бойынша мынадай бұзушылықтар анықталды:
- Ақпараттық-имидждік сипаттағы іс-шаралардың бюджет қаражаты есебінен жоспарлануы, жүргізілуі және қаржыландырылуы бойынша бірыңғай тәртіпті айқындайтын нормативтік-құқықтық акт қабылдау қажеттігі туралы ұсыныс енгізу;
- Бюджет қаражатарын жоспарлау барысында Бюджет Кодексінің, Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларының, Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларының және олардың мазмұнына қойылатын талаптардың, мемлекеттік сатып алулар барысында Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының талаптарын сақталуын қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.
Аудиторлық іс-шараның нәтижелері бойынша объект басшысына алдағы уақытта оларға жол бермеу жөніндегі ұсынымдарды қамтитын анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою туралы шешім жіберілді.