Шетелдегі қазақ диаспорасымен байланыс

«Шетелдегі қазақ диаспорасымен байланыс» жобасы аясында «Ана тілі әлемі» атты халықаралық тілдік лагері ұйымдастырылды. Лагерьде Ресей Федерациясының Алтай Республикасы, Санкт Петербург, Орынбор, Орск, Саратов, Омбы, Казань, Челябі облыстарында тұратын этникалық қазақ отбасыларынан - барлығы 31 бала демалды. Лагерь бағдарламасына сәйкес балаларға негізінен қазақ тілін үйренуге басымдық берілді. Қатысушылар тіл үйреніп қана қоймай, Ақтөбе қаласының мәдени, спорттық, танымдық орындарын аралап, «Kids Book Fest - 2022» фестивалін тамашалады.

Тілдік лагерь «Ана тілі әлемі» халықаралық тіл апталығымен жалғасын тапты. Ресей мемлекетінің 3 өңірінен келген қандастарымыз ана тілінен сабақтар алып, ұлттық өнермен сусындап, ел мен жердің тарихымен танысты. Қандастарымыздың тарихы Отанына, тілі мен дәстүріне деген құрметі ерекше. Шет елде өмір сүріп жатса да Қазақстан десе елең етіп, қазақ екеніне мақтанып жүрген бауырларымыз үшін мұндай танымдық шаралар жалғасын табатын болады.

Связь с казахской диаспорой за рубежом
Дата публикации
03 октября 2022