Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары
Өңіріміздегі жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының аясында Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Ақтөбе облыстық филиалы арасында өзара ынтымақтастық меморандумы бар. Осы меморандум негізінде өңіріміздегі кәсіпкерлерге, бизнес өкілдеріне, шағын кәсіпкерлік субъектілердің, коммерциялық емес ұйымдардың иелеріне тіл туралы заңнама талаптары түсіндіріліп, кеңес беріліп отырылады.
Тоқсан сайын басқарма қызметкерлері әлеуметтік желілерде тікелей эфирге шығып, жарнама мәтіндері бойынша нысан иелерін толғандырып жүрген сұрақтарға жауап беріп келеді.
Деректемелер мен көрнекі ақпарат мәтіндерінің мемлекеттік тілде сауатты, тілдік нормаларға сай рәсімделуіне кәсіпкерлерге көмек ретінде басқармада жедел желі (Call centеr 54-06-04) қызметі жұмыс жасайды. Жедел желіге түскен сұрақтарға тез арада жауап беріліп, әдістемелік көмек көрсетіледі.