Үкіметтік емес ұйымдармен өзара ынтымақтастық бойынша өткізілген шаралар туралы ақпарат
|
№ |
Іс-шараның атауы |
Қаралған мәселелер және шешу жолдары |
Әлеуметтік желіде жарияланғандығы жөнінде сілтемесі |
|
1 |
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Ақтөбе облыстық филиалының басшысы Роман Рахиұлын қабылдау (қаңтар-қыркүйек айлары тұрақты түрде) |
Облыстық филиал жанынан бастауыш ұйымдар ашу, көрнекі ақпарат бойынша нысан иелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізу, мемлекеттік тілді дамыту жөнінде бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру. Нәтижесі: Қаладағы бірқатар ірі жеке кәсіпорындарда «Қазақ тілі қоғамының» бастауыш ұйымдары ашылды, көрнекі ақпараттар мен жарнама мәтіндеріне бірлескен рейд жұмыстары ұйымдастырылды, ірі іс-шаралар өткізілді. |
https://www.instagram.com/p/Cbw2nn4sJv0/?igshid=NDRkN2NkYzU=
https://www.instagram.com/p/ChW_KgwM-0j/?igshid=NDRkN2NkYzU=
https://www.instagram.com/p/CihvXcTMIPX/?igshid=NDRkN2NkYzU=
https://www.instagram.com/p/CivFIIwMf3c/?igshid=NDRkN2NkYzU=
https://www.instagram.com/p/Ciz3LfQIE_P/?igshid=NDRkN2NkYzU=
(бірлесіп атқарылған жұмыс нәтижелерінің жарияланымдары) |
|
2 |
«Шатлык» татар-башқұрт ЭМБ, «Оксана» украиндар ЭМБ, «Ақтөбе облысының кәрістер қауымдастығы» ЭМБ басшыларын қабылдау |
ЭМБ жанындағы жексенбілік мектептерде мемлекеттік және ана тілдерін оқыту жұмыстарын қадағалау, ЭМБ төрағаларының ұсыныс-пікірлерін тыңдау. Нәтижесі: сабақтар онлайн және офлайн форматта ұйымдастырылды, ЭМБ төрағаларының ұсыныстарын ескере отырып, аталмыш жобаны 2023 жылы да өткізу жоспарда бар. |
- |
|
3 |
«Славяне» ЭМБ басшысын қабылдау |
Аталмыш ЭМБ жанынан жексенбілік мектеп құрып, мемлекеттік және ана тілін оқытуға ниет білдірген «Славяне» ЭМБ төрайымы өтініш беру талабын сұрады. Нәтижесі: Жұмыс процесі түсіндіріліп, өтінім беруге қажетті құжаттар тізімі берілді. |
- |
|
4 |
«Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының атқарушы директорымен, Ақтөбе қалалық, облыстық және аудандық филиалдарының төрағаларымен кездесу |
Мемлекеттік тіл саясатын жүргізу бағытындағы ортақ міндеттер мен жұмыс жоспарлары талқыланды. |
- |