«Мемлекеттік тілдің сот өндірісінде қолданылу аясын кеңейту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА СОТ ІСІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ЖҮРГІЗІЛЕДІ Бүгін, басқарма мен облыстық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тілдің сот өндірісінде қолданылу аясын кеңейту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. «Zoom» платформасы арқылы дөңгелек үстелге Әділет басқармасы, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы және бірқатар облыстық басқармалар қатысты. Басқарма басшысы М.Ысқақов сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілге басымдық беріп, өзге ұлт өкілдеріне аудармашы қызметін ұсыну мәселесін көтерді. Сонымен қатар заңға сәйкес барлық қызмет ең бірінші мемлекеттік тілде, қажет болған жағдайда өзге тілде берілетінін ескертті. Кездесуде өңірдегі сот ісін мелекеттік тілде жүргізуге кедергі бірқатар мәселелер қаралды. Әсіресе арыз берушілердің ресми тілді толық білмесе де жүгінген адвокаттардың арызды ресми тілде беруі сот ісін жүргізуде арыз беруші жақтан түсінбеушілік туындайды. Осындай мәселелерді болдырмау мақсатында кездесулер мен түсіндіру шаралары жиі ұйымдастырылатын болады.

«Мемлекеттік тілдің сот өндірісінде қолданылу аясын кеңейту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
Дата публикации
18 февраля 2021