Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру туралы ЕСЕП

Қосымша

 

Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың

2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру туралы

ЕСЕП

 

Есепті кезең: 2025 жыл

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 қазандағы № 914 қаулысымен бекітілген

Мемлекеттік орган: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

1-бөлім. Іс-шараларды іске асыру барысы туралы ақпарат

 

 

№

Реформалардың /негізгі іс-шаралардың атауы

Аяқтау нысаны/өлшем бірлігі

Жауапты орындаушылар

Орындалуы туралы ақпарат

жоспары

факт

түсініктеме

1-бағыт. Тілдік ортаға негізделген тіл саясатын жүргізу, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту

1-нысаналы индикатор. Мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі

 

82

86,7

Көрсеткіш «Ақтөбе облысындағы тілдік ахуал» тақырыбындағы әлеуметтік зерттеу нәтижелері арқылы анықталды. Өңірлер бөлінісіндегі декомпозицияға сәйкес Ақтөбе облысы бойынша жоспарлы көрсеткіш – 86,5%

2-нысаналы индикатор. «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мемлекеттік қызметтер ұсынатын ұйымдар қызметкерлерінің, сондай-ақ ұлттық компаниялар қызметкерлерінің үлесі

 

38

11

«Қазтест» жүйесі бойынша диагностикалық тестілеуге қатысқандардың 11% В1 деңгейінде қазақ тілін меңгерген (В2 деңгейі – 51,3, С1 деңгейі – 18)

3-нысаналы индикатор. «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша мемлекеттік тілді В2 деңгейінде меңгерген мемлекеттік қызметшілердің үлесі

 

40

57,8

«Қазтест» жүйесі бойынша диагностикалық тестілеуге қатысқандардың 57,8% В2 деңгейінде қазақ тілін меңгерген (С1 деңгейі – 15,6)

1.

Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты мәселелері бойынша әлеуметтанулық және талдамалық зерттеу жүргізу

әлеуметтанулық және талдамалық зерттеу

ҒЖБМ, ЖАО 

 

мың теңге

мың теңге

Ақтөбе облысындағы тілдік ахуал мен тілдік дамуды бағалау, облыс тұрғындарының тілдерді меңгеру деңгейі мен олардың қолданылу саласын анықтау, мемлекеттік тілдің толық көлемде қолданылуын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясатын жүргізу жөнінде азаматтардың пікірін білу мақсатында ұйымдастырылған «Ақтөбе облысындағы тілдік ахуал» тақырыбындағы әлеуметтік зерттеуге Ақтөбе қаласы, 12 аудан бойынша 18 жастан асқан 5000 респондент қатысты. Респонденттер жынысы, жасы, білім деңгейі, ұлттық белгісі, әлеуметтік жағдайы бойынша бөлінді.

 Пікірлер әлеуметтанулық зерттеу құралы – қазақ және орыс тілдерінде әзірленген сауалнама арқылы жинақталды.

2.

Түркі, славян жазбаларының күндерін мерекелеу  шеңберінде конкурстар, конференциялар, семинар-тренингтер, дөңгелек үстелдер өткізу

ҒЖБМ-ға нақты нәтижелерді көрсете отырып, атқарылған жұмыс туралы есеп

ЖАО

мың теңге

мың теңге

«Қазақ жазуының тарихы» тақырыбында тіл үйренушілер арасында викториналық ойын ұйымдастырылды. Шараға мемлекеттік мекемелер мен халыққа қызмет көрсету орындарынан 427 адам қатысты. Шара орындалды.

3.

Жергілікті атқарушы органдарға, ұлттық компанияларға көрнекі ақпаратты дұрыс жазу (акциялар, «Үздік маңдайша», «Үздік аудан», «Үздік көше» және т.б.), бизнес саласындағы көрнекі ақпаратты (хабарландырулар, жарнама, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, басқа да көрнекі ақпарат)  мемлекеттік тілде ресімдеу қажеттігі бойынша консультациялық түсіндіру жұмысын ұйымдастыру

ҒЖБМ-ға нақты нәтижелерді көрсете отырып, атқарылған жұмыс туралы есеп

ЖАО,

ҰК (келісу бойынша), «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша)

мың теңге

мың теңге

Ақтөбе облысында кәсіпкерлік нысандарда, халыққа қызмет көрсету, ірі сауда, тамақтану орындарында тіл туралы заңнама талаптарының сақталуына мониторинг жүргізіліп, 1600 нысандағы 5997 көрнекі ақпарат құралдары сарапқа алынды. Тіл нормасына сай келмейтін 2500 көрнекі ақпараттың 2100-і талапқа сай түзетілді, 400-і бойынша түзету жұмыстары жүргізілуде.

Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасы өкілдерімен бірлесіп, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, көрнекі ақпараттың талапқа сай ресімделуін қамтамасыз ету мақсатында қаладағы ірі сауда орындары – «Алтай», «Dalida Center» орталықтары әкімшілігі және кәсіпкерлермен кездесулер өткізілді.

Ақтөбе қаласы мен аудандардағы мейрамханалар бойынша 453 ас мәзірі зерделеніп, кемшіліктер түзетілді.

Бұл мәселе бойынша облыс әкімінің орынбасарының төрағалығымен жиын өткізіліп, тамақтандыру орындарында ас мәзірінің мемлекеттік тілдегі нұсқасының міндетті түрде болуы туралы тапсырма берілді. 

Басқарманың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында көрнекі ақпаратта кездесетін қателерді анықтап, тілдік қателер кездескен жағдайда оларға әдістемелік көмек беру, түзету жұмыстарын жүргізу мақсатында «Жас кеңес» ҚҚ Ақтөбе қаласы және аудандар бойынша «Көркем тіл – көрікті жарнама» тақырыбында акциясы ұйымдастырылып, шара барысында облыс бойынша 100 сұлулық салоны, 180 мейрамхана, 200 кафе, 70 кондитерлік және 500-ден астам азық-түлік дүкені иелеріне көрнекі ақпарат мәтіндерінің, маңдайша жазуларының, жарнама қалқандарының, деректемелердің тілдік нормаларға сай, сауатты мазмұнды рәсімделуіне әдістемелік көмек көрсетілді.

Облыстық деңгейде «Көрнекі ақпарат тілінің заңнамалық түрде орындалуы: мәселелері мен шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел, халыққа қызмет көрсету орталығы, банктер, пошта, полиция департаменті, облыстық кәсіпкерлер палатасының өкілдерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.

Жалпы қызмет көрсету барысында тұтынушының мемлекеттік тілде қызмет алу құқығын сақтау, көрнекі ақпараттардың Тіл туралы заң талаптарына сәйкес ресімдеу бағытында облыста 78 іс шара (2 семинар-кеңес, 8 дөңгелек үстел, 17 кездесі, 49 мониторинг, 1 акция, 1 байқау) ұйымдастырылып, шаралар барысында тиісті сала өкілдеріне заңнама талаптары түсіндірілді, тілге қатысты туындауы мүмкін мәселелер талқыланды, қоғамда кері реакция тудыратын резонанстық жағдайларды болдырмау туралы айтылып, қызмет көрсетуші персоналдың тілдік біліктілігін арттыру жолдарын қарастыру, электронды жүйелер мен интерфейстердің қазақ және орыс тілдерінде, қажеттілікке қарай ағылшын тілдерінде қолжетімді болуы мәселелерін назарға алу ұсынылды.

Сонымен қатар көше аншлагтарын бекітілген талапқа сәйкес әзірлеу үшін Ақтөбе қаласы және аудандар әкімдіктері облыстық тілдерді дамыту басқармасынан келісім алуда. Бұл жағдайда қала көшелерінің қабылданған шешімдерге сәйкес атауларымен дұрыс жазылуы мен аншлагтардың бірыңғай талаппен жазылуы қадағаланады. 

4.

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес жарнаманы орналастыруды қамтамасыз ету мақсатында «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» республикалық конкурсын өткізу

конкурс

ҒЖБМ, ЖАО

мың теңге

мың теңге

Облыста «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» республикалық байқауына жолдама беру үшін іріктеу сайысы ұйымдастырылды. Байқауға наурыз-тамыз айларында кәсіпкерлік субъектілері (шағын, орта және ірі бизнес), өз өнімдерін жарнамалайтын тауар өндірушілер, заң талаптарына қайшы орналастырылған жарнамалық мәтіндерді түзетуге және анықтауға қатысқан азаматтардың жұмыстары жинақталды.

Байқауға ниет білдірген 22 қатысушы арасынан қазылар алқасының сараптамасы қорытындысымен анықталған жүлдегерлер алғыс хаттармен, сыйлықтармен марапатталды.

Республикалық байқауға «Тандем» радиосы мен «Nurfish» мейрамханасына жолдама берілді.

6.

Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, жеке және заңды тұлғаларға өз кәсіпкерлік қызметін жүргізуде қолдау көрсету мақсатында қазақ тілінің мәдени-семантикалық сөздерінің «korneki.kz» дерекқорын жасау

«korneki.kz» дерекқоры

ҒЖБМ

 

мың теңге

мың теңге

 

7.

Кәсіпкерлердің фискалдық (кассалық) чектерді «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңына сәйкес шығаруын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар өткізу

ҒЖБМ-ға нақты нәтижелерді көрсете отырып, атқарылған жұмыс туралы есеп

ЖАО, «Атамекен» ҰКП (келісу  бойынша), Қаржымині

мың теңге

мың теңге

Бақылау касса машиналарының фискалды чектерді мемлекеттік тілде басып шығаруы бойынша мониторинг жұмысы жүргізілді. Ақтөбе облысы бойынша 29 049 бақылау касса машинасының 25273-і (87%) мемлекеттік тілде чек басып шығарады.

8.

Қоғамдық ұйымдармен мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру

іс-шаралар

ЖАО, ҒЖБМ, «Отандастар» қоры (келісу  бойынша), «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігі (келісу  бойынша)

мың теңге

мың теңге

Қоғамдық ұйымдармен бірлескен 23 іс-шара ұйымдастырылып, 1200-ден астам адам қатысты. Атап айтқанда, «Қазақ тілі» қоғамы облыстық ұйымымен бірлесіп, Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Талап, еңбек, терең ой» интеллектуалдық байқауы,  облыс әкімінің өңірдегі Абайды зерттеп жүрген абайтанушы ғалымдар, ұстаздар, дарынды оқушылар мен есімі ұлы ақынмен аттас, Абай есімді бүлдіршіндердің қатысуымен кездесу, облыс әкімінің Қазақстан Жазушылар Одағының Ақтөбе облыстық филиалы мүшелерімен кездесуі, «Қазақ тілі – ұлттар бірлігінің ұйытқысы» тақырыбында «Қазақ тілі» қоғамы облыстық, қалалық ұйымдары төрағаларының қатысуымен ірі кәсіпорындардағы бастауыш ұйымдармен дөңгелек үстел («СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «Қазақойл» АҚ, «Трансгазаймақ» АҚ Ақтөбе филиалы), «Қазақ тілі» қоғамының филиалдары мен бастауыш ұйымдары төрағаларының қатысуымен семинар-кеңес, «Қазақ тілі қоғамы» облыстық ұйымымен бірлесе отырып полиция департаменті қызметкерлерінің қатысуымен семинар-тренинг, прокуратура, әділет департаменті, нотариалдық палата, кәсіпкерлік палатасы, пошта, қазақтелеком, банк, т.б. халықпен тығыз байланыста жұмыс жасайтын мекемелер өкілдері қатысқан семинарлар мен дөңгелек үстелдер, кездесулер ұйымдастырылды.

9.

Жекелеген саяси лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарына  мемлекеттік тілді орта деңгейден (В1) төмен емес деңгейде меңгеру туралы талапты қосу мәселесін пысықтау

ПӘ-ге

 ұсыныс

МҚІА, ҒЖБМ

 

 

 

10.

Мемлекеттік мекемелерге, кәсіпкерлік субъектілеріне, квазимемлекеттік секторға олардың тіл заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етуі мақсатында  түсіндіру жұмысын жүргізу, әдістемелік көмек көрсету

ҒЖБМ-ға нақты нәтижелерді көрсете отырып, атқарылған жұмыс туралы есеп

ЖАО,

МО, ҰК (келісу  бойынша)

мың теңге

мың теңге

Халыққа қызмет көрсету орталығы, банктер, пошта, полиция департаменті өкілдері, Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасының салалық кеңестер төрағаларының қатысуымен «Мемлекеттік тілде қызмет көрсету уақыт талабы» тақырыбында семинар-кеңес ұйымдастырылып, қызмет көрсету саласында тұтынушылардың тілдік құқықтарын қамтамасыз ету, тілдік кемсітушіліктің алдын алу, соның ішінде қоғамда кері реакция тудыратын резонанстық жағдайларды болдырмау туралы айтылды, қазақ және орыс тілдерінде әзірленген әдістемелік ұсынымдар кәсіпкерлер, жұмыс берушілер назарына жеткізілді.

«Мемлекеттік тілдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері» тақырыбында облыстық семинар-кеңес ұйымдастырылып, мемлекеттік тілдің басым қолданылуына қол жеткізу, қолданыс аясын кеңейту және беделін көтеру бойынша жұмыстар атқару тапсырылды. Сот ісін жүргізудегі мемлекеттік тілдің  қолданылу аясы бағытында тақырыбымен семинар кеңес, дөңгелек үстел ұйымдастырылып, шараға нотариалдық палата, адвокаттар алқасы, қалалық, облыстық әкімдіктің заңгерлері, судьялар, облыстық тілдерді дамыту басқармасы өкілдері пікір бөлісті.

Аталған шараларға барлығы 205 адам қатысты.

11.

Қазақстан халқы тілдері күнін мерекелеу шеңберінде тілдік ортаны дамыту мен құрудың өзекті проблемалары жөніндегі іс-шараларды өткізу және оларды БАҚ-та насихаттау

ҒЖБМ-ға нақты нәтижелерді көрсете отырып, атқарылған жұмыс туралы есеп

ЖАО, МО

мың теңге

мың теңге

Қазақстан халқы тілдер күніне орай «Тілім менің – баға жетпес байлығым» республикалық семинары, Ресеймен шекаралас, этнос өкілдері көп шоғырланған Қарғалы ауданында облыстық деңгейдегі салтанатты шара, Қобда ауданында «Мемлекеттік тіл – ұлттық бірлік пен тұтастықтың негізі» облыстық семинары, Хромтау ауданында  «Тілім – менің тірегім» атты облыстық шара ұйымдастырылды. Сонымен қатар, аудандық деңгейде «Тіл – татулық тірегі» фестивалі, «Тіл ғұмыры – ұлт ғұмыры» мерекелік шара, «Мемлекеттік тіл – ой қазынасы», «Тіл ғұмыры – ұлт ғұмыры», «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» салтанатты шаралар өтті. Қалалық қазақ тілі қоғамымен бірлесіп «Мемлекеттік тіл – менің тілім» семинары «Тіл - татулық тұғыры» іс-шарасы, «Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» құттықтау бейнеролигі, «Тіл байлығы – ел байлығы» мақал- мәтелдер сайысы ұйымдастырылды.

Шаралар барысында кітап көрмесі, түрлі ұлттардың мәдениеті мен дәстүрін тағам арқылы таныту мақсатында ұлттық тағамдар көрмесі, командалардың қатысуымен байқау ұйымдастырылып, этнос өкілдері қазақ тілінде және өз ана тілдерінде өз жұмыстарын таныстырды.

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, қолданыс аясын кеңейтуде белсенділік танытып жүрген азаматтар алғыс хаттарымен марапатталды.

Түрлі форматтағы шараларға аудандық бөлімдер мамандары, «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» облыстық ұйымының төрағасы, аудандық ұйымдар өкілдері, аудандық мәслихаттың төрағасы, мемлекеттік органдар, кәсіпорындар, халыққа қызмет көрсету орындары, жастар ұйымдары, білім мекемелері өкілдерінен барлығы 2000-ға жуық адам қатысты.

Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған іс-шаралар БАҚ («Қазақстан-Ақтөбе», «Рика-ТВ» телеарналары, «Ақтөбе» газеті, фейсбук, инстаграм әлеуметтік желілердегі парақшалар) арқылы насихатталды.

Тіл апталығы аясында төтенше жағдайлар департаменті, ҚР Ұлттық ұланының 6655 әскери бөлімі, Ақтөбе облысының Полиция департаменті, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, әділет департаментінде қазақ тілінде қызмет көрсету, мемлекеттік тілді тегін және жедел оқытудың толыққанды тиімді жүйесі ретінде тіл үйрету платформалары туралы түсіндіру жұмыстары, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, қолданыс аясын кеңейту бағытында әдістемелік қолдау шаралары, құттықтау роликтерін жариялау, байқаулар, шығармашылық шаралар ұйымдастырылды. Апталық аясындағы шараларға 460 адам қатысты.

Ахмет Байтұрсынұлының туған күні мен Қазақстан халқының тілдері күні мерекесі аясында «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» бірлестігінің бастамасымен бірлесе отырып, мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдысын қалыптастыру мақсатында «Ұлттық диктант» жобасын өткізілді. Жобаға түрлі сала қызметкерлерінен 1000 қатысты.

12.

Мемлекеттік тілдің беделін арттыруға, қолданылу салаларын кеңейтуге (фестивальдер, кездесулер, акциялар және т.б.), тіл мәдениетін жетілдіруге (тіл туралы нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, фразеологиялық сөз орамдары, аңыз адамдардың өсиеттері және т.б.) қатысты іс-шараларды ұйымдастыру

ҒЖБМ-ға нақты нәтижелерді көрсете отырып, атқарылған жұмыс туралы есеп

ЖАО, МО, ҰК (келісу  бойынша)

мың теңге

мың теңге

«Біздің мақсат – тілдерді оқыту» тақырыбында ұйымдастырылған презентациялық жоба аясында екі тілде ролик түсіріліп, әлеуметтік желілердегі (Instagram, Facebook, TikTok) парақшаларда айына бір рет (бір айда - 10 күн, барлығы: 4 айда – 40 күн) таргет жүргізілді.

Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, тыңдаушылардың зияткерлік, тілдік әлеуеттерін арттыру мақсатында «Quiz ui» атты интеллектуалды ойын өтті.

Мемлекеттік тілдің мәртебесін беделін арттыруға бағытталған «Мемлекеттік тілді дамыту – баршамыздың ортақ ісіміз» атты креативті жастармен диалог алаңы, «Тіл – ұлттың тұғыры, халықтың ғұмыры» тақырыбында дөңгелек үстел, жастар арасында «Қазақша QUIZ» интеллектуалды байқауы, «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» атты Оралхан Бөкей көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы,  «Ана тілім – асыл мұрам» мәнерлеп оқу байқауы, «Тіл – тұмарым» шығармашылық кеші, «Тіл ең асыл құндылық» атты мәнерлеп оқу байқауы,  «Қазақ тілі – мақтанышым!» библиомикс, «Тіл – достық көпірі» әдеби сағаты өтті.

2025 жылғы айтулы даталар мен мерекелерік іс-шаралар аясында «Ерлікке тағзым – ұрпаққа үлгі», Махамбеттің 220 жылдығына орай «Жырдың алмас қылышы», Ә.Молдағұлованың 100 жылдығына орай «Қызы батыр ел – ұлы ел»,  «Өлеңмен өрнектелген өмір» тақырыбында іс-шаралар, Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған «Әлия – ерліктің рухы мәңгілік» атты танымдық квест ойыны, «Жас батырдың ерлігі» тақырыбында интеллектуалды шара, А.Құнанбайұлының туғанына 180 жылдығына орай «Абайды білесіз бе?» мәнерлеп оқу сайысы, бейне сауалнама жүргізу сабағы, «Өлең – сөздің патшасы...» челенджі, Ш.Уәлихановтың 190 жылдығына орай «Шоқан Уәлиханов – ұлы ғалым, дара тұлға» викториналық ойын, 14 ақпан - Халықаралық кітап сыйлау күніне орай «Кітап-таусылмас қазына», «Кітап сыйла, досыңа»   акциялары, 1 наурыз Аллғыс айту күніне орай «Кімге алғыс айтар едіңіз?» сабақтар циклі, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Менің Анам» атты фото көрмесі, «Әйел отбасында шуақ, қоғамда тірек» мерекелік шарасы, 14 наурыз – Көрісу күніне орай «Жаңа өмір, жаңа жыл, жаңа күнмен көрісу» көше акциясы, «Сөз меруерті» мақал-мәтелдер сайысы, «Баталы ел арымас» бата беру челленджі, Наурыз мерекесіне орай «Наурыз шуағы» атты сабақтар циклі, «Қош келдің, Әз Наурыз» құттықтау ролигі, Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Қазақстан - достық мекені» құттықтау бейнеролигі, 9 мамыр – Жеңіс күніне орай «Батырларға тағзым: Жеңіс жолындағы жанкештілік»  көрмесі  мен дәріс сабағы, 4 маусым – ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Менің елім – менің рәмізім» викториналық ойыны, 5 маусым 23 маусым мемлекеттік қызметші күніне «Елге қызмет – мәртебе» байқауы, Астана күніне орай  «Елорда – білім мен мәдениет орталығы» интеллектуалдық сабақ, 30 тамыз – ҚР Конституциясына 30 жыл толуына орай  «Конституция – ұлттық бірліктің негізі» эссе байқауы, «Конституция - құқықтық мемлекет құрудың негізі» атты интелектуалды ойын, «Ата Заңым – айбыным» дөңгелек үстел, Ұстаздар күніне орай «Ұстаз – мәңгілік шамшырақ» атты дөңгелек үстелі, Республика күніне орай «Республика күні – елдіктің мерекесі» құттықтау бейнеролигі және сабақтар циклі, т.б. ақпараттық сағаттар, танымдық сабақтар ұйымдастырылып, 56 шараға 3 100-ден астам адам қамтылды.

Балаларға арналған танымдық «Күншуақ» журналының 6 саны (№1,2,3,4,5,6) жарыққа шықты.

«Жер шежіресі – ел жадында» атты тарихи-танымдық экспедиция аясында Ақтөбе қаласы мен аудандарда семинарлар ұйымдастырылып, жер-су атауларын жүйелендіру бойынша мәселе қозғалды.

Әлеуметтік желілердегі парақшаларда «Біле жүрейік» айдарында 42, «Тағылым» айдарында 12, «Тіл-тамыр» айдарында 33, «Бірге ме, бөлек пе?» айдарында 22 жарияланым тұрғындар назарына ұсынылды.

13.

Саланың табысты тұлғалары қатарындағы спикерлердің кәсіпкерлердің алдында қазақ тілінде сөз сөйлеуін ұйымдастыру

дерекқор

ҒЖБМ, «Атамекен» ҰКП (келісу  бойынша)

мың теңге

мың теңге

 

14.

«Тілдер және әдебиет», «Тілдер және әдебиет мұғалімдерін даярлау» бағыттары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру бағдарламаларын жаңа кәсіптік стандарттарға сәйкес жаңарту

жаңартылған бағдарлама

ҒЖБМ

мың теңге

мың теңге

 

15.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқу орындарында «Кәсіптік қазақ тілі» пәнін оқыту тіліне қарамастан қазақ тілінде оқыту мәселесін қарау

білім беру бағдарламасы

ҒЖБМ

мың теңге

мың теңге

 

16.

Магистратураға, докторантураға түсуге үміткерлердің «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша В2 деңгейінен төмен емес, ректор лауазымына үміткерлердің С1 деңгейінен төмен емес деңгейде тесттер тапсыруын ұйымдастыру

ПӘ-ге

 ұсыныс

ҒЖБМ 

мың теңге

мың теңге

 

17.

«ҚАЗТЕСТ» бағдарламасының негізінде тілді білу деңгейін бақылау жүйесін ұйымдастыру

жыл қорытындысы бойынша есеп

ҒЖБМ 

мың теңге

мың теңге

 

18.

Мемлекеттік Тілдерді оқыту орталықтарында ересектер, оның ішінде азаматтық және мемлекеттік қызметкерлер үшін  курстар (қазақ, орыс, ағылшын) ұйымдастыру

курстар

 ЖАО

мың теңге

мың теңге

Тілдерді оқыту орталығының облыс орталығымен қатар өзге ұлт өкілдері көп шоғырланған 3 ауданда (Хромтау, Мәртөк, Қарғалы) тілдік курстар ұйымдастырылды.

2025 жылы оқытылған адам саны – 1710 адам. Оның ішінде этнос өкілдері – 468 адам (27%) құрады. Тіл үйретуге қатысқан тұрғындардың санаты: мемлекеттік, құқық қорғау, прокуратура органдары, әскери сала  қызметкерлері – 906 (53%), халыққа қызмет көрсету орындары қызметкерлері – 592 (35%), жеке тұлға – 212 (12%).

Өзге этнос өкілдерінің қазақша сөйлеу практикасын қалыптастыру, тілдік барьерден арылту бағытында құрылған «Мәміле» клубы сенбі сайын ұйымдастырылып, 15 отырысы өткізілді, отырыстарға 50-ге жуық астам адам қатысты. Сөйлесімге бағытталған клубтың отырыстарында белгілі бір тақырып бойынша жаңа сөздер мен сөз тіркестері таныстырылды, жағдаяттық тапсырмалар орындалды, қатысушылардың өмірлік тәжірибелерін, өз ойларын ортаға салуына жағдай жасалды.

Жергілікті орыс тілді «Актюбинский вестник» газетіне тілдерді оқыту орталығы оқытушылары құрастырған  8 сабақ  жарияланды.

Мемлекеттік тілдерді оқыту орталығы арқылы ағылшын тілі курсымен қамтылған адам саны – 350 адам. Тіл үйретуге қатысқан тұрғындардың санаты: мемлекеттік қызмет 190 (54%), халыққа қызмет көрсету орындары – 145 (42%), жеке тұлға – 15 (4%).

Облыста қазақ тілін үйрету курстары бар жеке оқыту орталықтарының саны – 12, ағылшын тілін үйрететін жеке орталықтар саны – 14. Жеке оқыту орталықтары курсқа қатысушылар туралы мәлімет бермеді.

4-нысаналы индикатор. Мемлекеттік телеарналарда мемлекеттік тілде көрсетілетін телебағдарламалардың үлесі

 

74

 

 

19.

Балалар, жасөспірімдер мен жастарға арналған мемлекеттік тілдегі танымдық бағдарламалар,  жобалар, соның ішінде ойын түріндегі оқыту бағдарламаларын әзірлеу

бағдарламалар, жобалар

МАМ, ОМ

мың теңге

мың теңге

 

20.

Табысты кәсіпкерлердің мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуде қол жеткізген жетістіктерін бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау

телебағдарламалар, мақалалар

ҒЖБМ, «Атамекен» ҰКП (келісу  бойынша)

мың теңге

мың теңге

 

5-нысаналы индикатор. Қазақстанда өткізілетін, сондай-ақ шетелде қазақстандық дипмиссиялар ұйымдастырған халықаралық іс-шараларда қазақ тілінің қолданылу үлесі

 

54

52,9%

2025 жыл қорытындысы бойынша шетелдік инвесторлармен, басқа да құрылымдармен өткен шаралар аудармашы арқылы қазақ және орыс тілдерінде өткізілді. Облыстық, аудандық әкімдіктермен жасалған 17 меморандумдар мен келісім-шарттардың 6-уы қазақ және орыс тілдерінде, 3-уі қазақ және ағылшын тілдерінде дайындалып, қол қойылды.

21.

Халықаралық қызметте мемлекеттік тілдегі іс-шаралар ұйымдастыру

есеп

СІМ, МО, ЖАО, ҰК (келісу бойынша)

мың теңге

мың теңге

«AQTOBE INVESTMENT FORUM – 2025» халықаралық инвестициялық форумы аясында әкімдік пен инвесторлар арасында  17 меморандумдар мен келісім-шарттар жасалды.  

22.

Шетелдік университеттер мен орталықтарға, факультеттерге, сондай-ақ қазақ диаспорасына қазақ тілін оқыту кабинеттеріне әдістемелік және ақпараттық қолдау көрсету

есеп

СІМ, ҒЖБМ, ДҚҚ (келісу  бойынша), «Отандастар» қоры 

(келісу бойынша)

мың теңге

мың теңге

 

23.

Шетелдегі қазақ диаспорасының өкілдеріне ана тілін үйренуде әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсету

есеп

СІМ, ЖАО (шекаралас өңірлер), ДҚҚ (келісу  бойынша), «Отандастар» қоры (келісу  бойынша)

мың теңге

мың теңге

Шетелдегі қазақ диаспора өкілдеріне ана тілін меңгеру үшін әдістемелік қолдау көрсету мақсатында Челябинск, Самара, Санкт-Петербург, Новосибирск, Таулы Алтай, Екатеринбург қалаларындағы қазақ диаспорасы өкілдерінен 22 адам қазақ тілін оқыту курсымен қамтылды.

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Абай дара – Абай дана...» атты Абайдың шығармаларын оқу, әндерін орындаудан халықаралық әдеби челендж ұйымдастырылды. Челенджге  13 адам қатысып, ұлы ойшылдың шығармаларын кеңінен насихаттауға өз үлестерін қосты.

Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай ұйымдастырылған «Әлия – ерліктің рухы мәңгілік» квест ойынына Халықаралық «Қазақ тілі қоғамының» Ресей Федерациясы Орынбор облысындағы өкілдігінің төрағасы Сәуле Таикешова және екі диаспора өкілі арнайы келіп қатысты.

24.

«Абай институты» жобасы аясында қазақ диаспорасына қазақ тілін оқыту жөніндегі бейнесабақтарды әзірлеу және платформаға орналастыру

бейнесабақтар

ҒЖБМ

мың теңге

мың теңге

 

6-нысаналы индикатор. Мемлекеттік органдардағы, ұлттық компаниялардағы мемлекеттік тілдегі құжат айналымының үлесі                       

 

92

96,6%

2025 жылдың қорытындысы бойынша бойынша облыс әкімдігіне қарасты мемлекеттік органдардағы кіріс және шығыс құжаттарының мемлекеттік тілдегі үлесі 96,6%

25.

Мемлекеттік органдардағы және ұлттық компаниялардағы жалпы құжат айналымында мемлекеттік тілде іс жүргізудің үлестік көлеміне мониторинг жүргізу

мониторинг қорытындысы

ҒЖМБ, МО,

ЖАО, ҰК (келісу  бойынша)

мың теңге

мың теңге

Орталық және жергілікті атқарушы органдардағы, бағынысты мекемелеріндегі іс қағаздарының мемлекеттік тілде жүргізілуі жайына тоқсан сайын мониторинг жасалады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша бойынша облыс әкімдігіне қарасты мемлекеттік органдардағы кіріс және шығыс құжаттарының мемлекеттік тілдегі үлесі 96,6% (кіріс құжаттары – 95,6, шығыс құжаттары – 97,6) болды. Мониторинг нәтижесінде кемшіліктерді жою бойынша қызметтік хат жолданды. Шығыс құжаттарының мемлекеттік тілдегі үлесі нысаналы индикатордың шекті мәнінен төмен мекемелерге облыс әкімдігінің 2025 жылғы 26 мамырдағы № 88 қаулысы негізінде Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, кәсіпкерлік басқармаларына, Ақтөбе қалалық экономика және қаржы, тұрғын үй инспекциясы бөлімдеріне мерзімді тексеру жүргізілді, тексеру нәтижесі бойынша кемшіліктерді жою туралы ұсынымдар берілді.

26.

Құжат айналымында мемлекеттік тілдің үлесін арттыруға бағытталған әдістемелік семинарлар ұйымдастыру

әдістемелік семинарлар

ҒЖМБ

мың теңге

мың теңге

 

27.

Ресми интернет-ресурстарға мониторинг жүргізу

талдамалық

жинақ

ҒЖБМ, ЖАО

мың теңге

мың теңге

2025 жылы облыс әкімдігіне қарасты 24 басқарманың, 12 аудан әкімдігінің, Ақтөбе қаласының ресми интернет-ресурстарына мониторинг жүргізіліп, ақпараттар зерделенді. Мониторинг барысында анықталған кемшіліктерді түзету бойынша тиісті мекемелерге хабарлама хат жолданды.

28.

Мемлекеттік тілді кеңінен қолдануды қамтамасыз ете отырып, бұқаралық мәдени, спорттық және өзге де қоғамдық іс-шараларды өткізу

іс-шаралар,

ҒЖБМ-не ақпарат

МО, ЖАО, ҰК (келісу  бойынша)

мың теңге

мың теңге

Облыста қала мен аудандарды қоса есептегенде 32 698 қоғамдық, мәдени бұқаралық іс-шаралар өткізілді. Шаралардың 32 579-ы  қазақ тілінде6 119-ы қазақ және орыс тілдерінде  өткізілді.

Облыстағы 93 спорттық шараның ашылу-жабылу, марапаттау рәсімдері бір мемлекеттік тілде ұйымдастырылды. Шараның жүргізілу барысы қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

29.

«Саясаткердің шешендік өнері», «Мемлекеттік қызметшінің көпшілік алдында сөз сөйлеуі», «Ресми мәтін және жазылым дағдылары» тақырыбында курстар, семинарлар, тренингтер ұйымдастыру

 тілдік курстар, семинарлар мен тренингтер

МҚІА, МБА (келісу бойынша)

мың теңге

мың теңге

 

2-бағыт.  Тілдік жоспарлауды іске асыру

7-нысаналы индикатор. Қазақ тілінің латынграфикалы әліпбиін пайдаланатын жазба коммуникациясына қатысушылардың үлесі

 

-

 

 

31.

Латынграфикалы әліпби негізіндегі қазақ тілінің орфографиялық, орфоэпиялық сөздіктерін, қазақ орфографиясы, орфоэпиясы бойынша анықтамалықтарды, сөз мәдениеті бойынша анықтамалықтарды,  практикалық стилистика мен пунктуация бойынша құралдарды, қазақ тілінің үлкен бір томдық сөздігін, қазақ тілінің үлкен 20 томдық сөздігін, жаңа қазақ грамматикасын әзірлеу, басып шығару және тарату

сөздіктер, анықтамалықтар,

құралдар

ҒЖБМ,

 «Тіл білімі институты»  ШЖҚ РМК (келісу  бойынша)

 

мың теңге

мың теңге

 

32.

Көшу кестесін бекіте отырып, қазақ тілінің латынграфикалы әліпбиін енгізу бойынша ғылыми-ұйымдастыру міндеттерін жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар өткізу

семинар, конференция, конкурс

ҒЖБМ

 

мың теңге

мың теңге

 

33.

Қазақстанға импортталатын және елде өндірілетін техникалық құралдарда (компьютерлер, пернетақталар және т.б), сондай-ақ әзірленетін мобильдік қосымшалар мен сайттарда қазақ тілді интерфейстің және қазақ әліпбиі әріптерінің болуын қамтамасыз ету мәселелерін пысықтау (әліпби мен емле ережелері бекітілгеннен кейін)

ПӘ-ге ұсыныс

ЦДИАӨМ

мың теңге

мың теңге

 

34.

Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін бейнеблоктар әзірлеу

бейнеблоктар

ҒЖБМ

 

мың теңге

мың теңге

 

36.

Жергілікті атқарушы органдар жанындағы оқу орталықтарының оқытушылары мен ересек тұрғындарды оқыту үшін филологтар мен лингвист-ғалымдарды тарта отырып, семинарлар, дәрістер, курстар ұйымдастыру

семинарлар, дәрістер, курстар

ҒЖБМ, ЖАО

мың теңге

мың теңге

«Қазақ тілін латын графикасына көшіру жұмыстарын жүргізу» бағытында 2025 жылы жетілдірілген жаңа латыннегізді әліпби әлі ресми бекітілмегендіктен, насихаттау жұмыстары уақытша тоқтатылды. Дегенмен, мемлекеттік тіл оқыту курсының 1 сағаты жетілдірілген жаңа латыннегізді әліпбиға арналып, «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері» бойынша ақпараттық жұмыстары жүргізілді. Жалпы 92 ақпараттық сағат өткізіліп, 1 710 адам қамтылды. 

37.

Орфографикалық жұмыс тобының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Тіл саясатын іске асыру жөніндегі мемлекеттік комиссияның латын графикасына кезең-кезеңімен көшуге байланысты отырыстарын өткізу (латын графикасына көшуге қатысты өзекті мәселелерді талқылау)

хаттама

ҒЖБМ

 

мың теңге

мың теңге

 

3-бағыт.  Тіл үйрету әдістемесін жетілдіру

8-нысаналы индикатор. Жетілдірілген әдістемемен мемлекеттік тілді оқыту курстарынан өткендер саны

 

44000

1710

Өңірлер бөлінісіндегі декомпозицияға сәйкес Ақтөбе облысы бойынша жоспарлы көрсеткіш – 1600

38.

Қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру үшін қазақ тілін  оқытушылар мен әдіскерлердің тәжірибе алмасуы жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру

іс-шаралар

ҒЖБМ, ЖАО

мың теңге

мың теңге

Мемлекеттік тілді оқытуда жасанды интеллекттің тиімділігі мен шектеулерін талқылау, тіл үйретуді заманауи технологиялармен ұштастыру мақсатында «Тіл тазалығы – ел мәртебесі» атты форсайт-сессиясы өткізілді.

Шараға облыстағы жоғарғы оқу орындарының (колледж, университитет) мемлекеттік тіл оқытушыларынан 40 маман кәсіби біліктіліктерін нығайтты.

Ақтөбе және Жамбыл облыстарының тілдерді оқыту орталықтары арасында кәсіби байланысты нығайту мақсатында «Тілдерді оқыту» тәжірибе алмасу семинар-тренингі өткізілді. Шара барысында «Қазақша сөйлесейік» жобасы мен «Мәміле» сөйлесім клубының жұмыс тетіктері талқыланды.     

39.

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қазақ тілін оқытудың үздік авторлық әдістемесі» республикалық конкурсын өткізу

конкурс

ОМ

мың теңге

мың теңге

 

40.

Қазақ тілін үйрету әдістемесі бойынша ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектерді жүйелеудің арнайы ортақ базасын әзірлеу

база

ҒЖБМ

мың теңге

мың теңге

 

41.

А1, А2, В1, В2, С1 деңгейлері бойынша лексикалық және грамматикалық минимумдар әзірлеу

грамматикалық минимум

ҒЖБМ

мың теңге

мың теңге

 

42.

А1, А2, В1, В2, С1 деңгейлері бойынша оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар әзірлеу

оқулықтар, құралдар

ҒЖБМ

мың теңге

мың теңге

 

43.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында «Қолданбалы лингвистика», «Компьютерлік лингвистика» мамандықтары бойынша мамандар даярлау

есеп

ҒЖБМ

мың теңге

мың теңге

 

44.

Тілдерді оқыту орталықтарының оқытушылары арасында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы республикалық конкурс ұйымдастыру

конкурс

ҒЖБМ, ЖАО

мың теңге

мың теңге

2025 жылы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы облыстық іріктеу байқауының жеңімпазы Зульфат Құлекенова Қарағанды қаласында өткен республикалық байқауда жүлделі 3-орынға ие болды.

45.

Этностардың мемлекеттік тілді және ана тілдерін үйренуіне арналған бейнесабақтарды әзірлеу

бейнесабақтар

ҒЖБМ, ЖАО

мың теңге

мың теңге

Тіл үйрету әдістемесін жетілдіру және этностардың мемлекеттік тілді әрі ана тілдерін меңгеруіне жағдай жасау мақсатында бейнесабақтар әзірленді.

Түсірілген бейнесабақтар қашықтан тіл үйренуге бейімделіп, заманауи талаптарға сай визуалды және дыбыстық сапада ұсынылды. Бейнематериалдар әлеуметтік желілерде жарнамаланып, кең аудиторияға қолжетімді болу мақсатында YouTube платформасына орналастырылды.

Этностардың мемлекеттік тілді және ана тілдерін үйренуіне арналған  «Тіл – өрісі кең әлем» бейне сабақтары:

- Қазақ тілі сабақтары – 5 сабақ (7 мин) – 35 мин;

- Кәріс тілі сабақтары – 5 сабақ (7мин) – 35 мин;

- Орыс тілі сабақтары – 5 сабақ (7 мин) – 35 мин;

- Украин тілі сабақтары – 5 сабақ (7 мин) – 35 мин.

46.

Азаматтар үшін «Қазақ тілі» жаппай ашық онлайн курстарын ұйымдастыру

онлайн курстар

ҒЖБМ

мың теңге

мың теңге

 

47.

Тілдерді оқыту орталықтары оқытушыларының еңбекақысын арттыру мәселесін пысықтау  

ПӘ-ге ұсыныс

ҒЖБМ

мың теңге

мың теңге

 

9-нысаналы индикатор. Мемлекеттік тілді В2 деңгейінде меңгерген оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін мектеп түлектерінің үлесі         

 

55

 

 

49.

Қазақ тілі пәні мұғалімдерінің біліктілігін жоғарылату (сапалық құрамын арттыру)

курстар, семинарлар

ОМ

мың теңге

мың теңге

 

4-бағыт. Қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамыту

10-нысаналы индикатор. «Қазақ тілінің ұлттық корпусы» жобасының мәтіндік базасы көлемінің үлесі

 

36

 

 

51.

Қазақ тілі ұлттық корпусының кіші корпустарының құрылымы мен мазмұнын (сөйлеу стильдеріне сәйкес) қалыптастыру  

жаңартылған кіші корпустар

ҒЖБМ, «Тіл білімі институты» ШЖҚ РМК  (келісу  бойынша),             «Тіл-Қазына» КеАҚ орталығы (келісу  бойынша)

мың теңге

мың теңге

 

52.

Ашық онлайн энциклопедияны қазақ тіліндегі ғылыми мақалалар, жарияланымдармен, еңбектермен және мәліметтермен толықтыру

жарияланымдар

ҒЖБМ, МО

мың теңге

мың теңге

 

11-нысаналы индикатор. Реттелген терминологиялық қордың үлесі (2022 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда, өсу қорытындысымен)

 

20

 

 

53.

Республикалық терминология комиссиясының отырыстарын өткізу 

хаттамалар,  электрондық бюллетень,  сараптама қорытындылары

ҒЖБМ

мың теңге

мың теңге

 

54.

Терминологияның өзекті мәселелері бойынша іс-шаралар өткізу

семинарлар, конференция, конкурстар

ҒЖБМ

мың теңге

мың теңге

 

55.

Қазақ тілі терминологиясының ғылыми негіздерін жетілдіру жөніндегі шаралар қабылдау  (қазақ тілінің сөзжасамдық, фонетика-морфологиялық табиғатына сай  кірме терминдерді игерудің тиімді модельдерін әзірлеу және процесті автоматтандыру)

кірме терминдердің базасы

ҒЖБМ

 

мың теңге

мың теңге

 

56.

Бекітілген терминдерге мониторинг жүргізу

мониторинг нәтижесі

ҒЖБМ

мың теңге

мың теңге

 

5-бағыт.  Қазақ тіліндегі контенттің үлесін арттыру

12-нысаналы индикатор. Мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақтілді контенттің үлесі

 

84

 

 

57.

Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы азаматтық қоғам институттарына, белсенді азаматтарға, еріктілерге қазақ тілін қолдауға бағытталған акциялар, іс-шаралар, бастамашыл жобалар өткізуде қолдау көрсету

акциялар,

іс-шаралар

ҒЖБМ, МАМ 

мың теңге

мың теңге

 

58.

«Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсын ұйымдастыру

конкурстар

ҒЖБМ, МАМ

мың теңге

мың теңге

 

59.

Мәдениет ұйымдарының (театр, кино) репертуарын қазақтілді жаңа контентпен, оның ішінде балалар мен жасөспірім көрермендер аудиториясына арналған шығармалармен толықтыру

іс-шаралар

МАМ, ЖАО

 

мың теңге

мың теңге

2025 жылдың қорытындысы бойынша Т.Ахтанов атындағы драма және «Алақай» қуыршақ театрларында мемлекеттік тілде барлығы 708 қойылым көрерменге ұсынылды. Театрлар репертуарлары көрерменнің көңілінен шыққан мемлекеттік тілдегі  «Турандот», «Бала батыр» ертегісі, «Қиқарлар» комедиясы, «Әлия» мюзиклі, «Тазының өлімі» хикаяты, «Әз Мөңке», «Ертегілер орманы»,  «Жол әуендері», «Китті жолықтырған күн», «Жыл мезгілдері» және Наурыз мерекесіне орай «Жыл басын таңдау: достық пен талас сыры», «WOW жыл: Жаңа жыл» қойылымдарымен толықты.

60.

Мемлекеттік тілде инновациялық ІТ-жобаларды және тілді ақпараттық насихаттау жобаларын, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар үшін әзірлеу және шығару

ІТ-жобалар, шаралар

ҒЖБМ

мың теңге

мың теңге

 

61.

Мемлекеттік тілді оқыту мақсатында балаларға, оның ішінде есту қабілеті бұзылған балаларға арналған қазақ тіліндегі танымдық ойындарды әзірлеу

электрондық ойындар

ҒЖБМ

мың теңге

мың теңге

 

62.

Қазақ тілін онлайн оқыту және оны дамыту, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарға арналған платформаны кезең-кезеңімен әзірлеу

онлайн платформа, мобильді қосымша

ҒЖБМ

мың теңге

мың теңге

 

63.

Портативті электрондық құрылғы шығару арқылы Брайль әліпбиіне негізделген қазақ тіліндегі білім беру өнімін іске асыру

электрондық құрылғы

ҒЖБМ

мың теңге

мың теңге

 

66.

Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған журналдар шығару («Балапан әлемі», «Тіл және қоғам», «Туған тіл») 

журналдар шығару

ҒЖБМ

мың теңге

мың теңге

 

13-нысаналы индикатор. Әзірленген мемлекеттік тілдегі анимациялық өнімдердің көлемі

 

1300

 

 

67.

Ұлттық құндылықтарды насихаттайтын анимациялық өнімдерге қолдау көрсету

есеп 

МАМ

мың теңге

мың теңге

 

68.

0-5 жастағы балаларға арналған мемлекеттік тілдегі  мультфильмдер мен танымдық телебағдарламалар әзірлеу

мультфильмдер мен телебағдарламалар

МАМ

мың теңге

мың теңге

 

69.

Танымал шетелдік анимациялық фильмдерді қазақ тіліне аудару, «Balapan» телеарнасында және оның YouTube арнасында трансляциялау

анимациялық фильмдер

МАМ

мың теңге

мың теңге

 

70.

Балалардың тілін дамытуға арналған анимациялық фильмдер, сондай-ақ әдебиеттер мен иллюстрациялар (комикстер) әзірлеу 

анимациялық фильмдер, әдебиеттер

МАМ

мың теңге

мың теңге

 

Күтілетін нәтиже: Күнделікті өмірде мемлекеттік тілді қолданатын тұрғындардың үлесі

 

51

82,5

«Ақтөбе облысындағы тілдік ахуал» тақырыбындағы әлеуметтік зерттеу нәтижелеріне сәйкес 2025 жылы қоғамдық қызметтің негізгі салаларында мемлекеттік тілдің қолданыс аясы 82,5% болды.

Күтілетін нәтиже: Үш тілді (қазақ, орыс және ағылшын) қатар меңгерген тұрғындардың  үлесі

 

31

20,8

«Ақтөбе облысындағы тілдік ахуал» тақырыбындағы әлеуметтік зерттеу нәтижелеріне сәйкес 2025 жылы бұл көрсеткіш 20,8% құрап отыр.

Дата публикации
08 мая 2026