
1) бөлім басшысы -1 бірлік
2) бас маман - 1 бірлік
1.1. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде толыққанды қызметін қамтамасыз ете отырып, тіл мәдениетін арттыруға бағытталған үйлесімді тіл саясатын жүргізу;
1.2. Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
1.3. Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын іске асыру бағытындағы қызметін үйлестіру;
1.4. Мемлекеттiк тiлдi және басқа тiлдердi дамытуға бағытталған маңызы бар шаралар кешенiн жүзеге асыру;
Құқықтары:
1) тұрғындардың хаттары мен өтініштерін белгіленген тәртіппен қарауға;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, мекемелерден, кәсіпорындардан және лауазымды тұлғалардан өз құзыреті шегінде ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды алуға және сұратуға;
3) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын одан әрі жетілдіру, мемлекеттік тіл саясатының тиімділігін арттыру, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту жөнінде ұсыныстар енгізуге құқығы бар.
4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;
5) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама нормаларын сақтау;
6) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс әкімінің актілері мен тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындау;
7) өз құзыреті шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
1) мемлекеттік тілді насихаттауға және дамытуға бағытталған мәдени-көпшілік іс-шараларды дайындау және өткізу, сондай-ақ осы мәселе бойынша басқа мемлекеттік мекемелермен өзара іс-қимыл жасау;
2) Орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің, Ақтөбе облысының, аудандардың, Ақтөбе қаласының жергілікті атқарушы органдарының және Ақтөбе қаласындағы аудан әкімі аппараттарының, ауыл, ауылдық округ әкімі аппараттарының Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылау жүргізу;
3) Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының нысаналы индикаторларына қол жеткізу бойынша жұмыс жүргізу;
4) басқарма құзыреті шегінде тілдерді дамыту саласындағы құқықтық актілерді, келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу;
5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік және басқа да тілдерінің беделін арттыруға бағытталған ғылыми-тәжірибелік конференцияларды, дөңгелек үстелдерді, әдістемелік семинарларды, акцияларды, кездесулерді, басқа да әр-түрлі форматтағы жобаларды ұйымдастыру және өткізу;
6) тілдерді дамыту саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру қызметін ақпараттық, әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
7) Қазақ әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңмен көшіру жұмыстарын үйлестіру;
8) облыс тұрғындарына тілдерді оқытуға арналған заманауи мультимедиялық технологияларды пайдалана отырып әдістемелік жұмыстарды үйлестіру;
9) тіл саясаты мәселелері, облыс тұрғындарының тілдерді меңгеру деңгейін бағалау бойынша әлеуметтік зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру;
10) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қоғамдық ұйымдармен қарым-қатынасты жүзеге асыру;
11) шетелдегі қазақ диаспорасы өкілдеріне қазақ тілін үйрету және ілгерілету бойынша жобаларды жүзеге асыруды үйлестіру;
12) тілдерді дамыту бойынша жергілікті атқарушы органдарға ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету;
13) этностардың ана тілдерін оқытуға жағдай жасау мәселелері бойынша этномәдени бірлестіктермен ықпалдастықты арттыру, тілдік ортаны қалыптастыру бойынша іс-шараларды іске асыруды үйлестіру;
14) стратегиялық мақсат-міндеттерді жүзеге асыру шеңберінде жобалау қызметін жүзеге асыру;
15) мерзімді баспа материалдарын (журнал, альбом, сараптама, жинақтар, т.т.) шығару;
16) Тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті органға жыл қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдаманың орындалу барысы туралы талдамалық жиынтық ақпаратты енгізу жұмысын қамтамасыз ету;
17) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру;
18) азаматтарды тілдік қағидат бойынша кемсітуге жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
19) Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасында белгiленген талаптардың бұзылуын жою бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде және тәртіппен әкімшілік ықпал ету шараларын жүзеге асыруды ұйымдастыру;
20) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану.
6) Тілдерді дамыту және үйлестіру жұмыстары бөлімі өзінің негізгі мақсаттары мен функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес тиісті өкілеттіктерге ие болады.
7) Бөлімді Қазақстан Республикасының Заңнамасымен белгіленген тәртіпке сәйкес басқарма басшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бөлім басшысы басқарады.
8) Бөлім басшысы бөлімнің жұмысын ұйымдастырады, басқарады және бөлімге жүктелген қызметтер мен міндеттерді орындауға дербес жауапкершілікке ие.
9) Бөлім басшысы басқарма басшылығына тілдерді дамыту және үйлестіру жұмыстары бөлімінің штаттық кестесі, құрылымы жөнінде ұсыныс береді.
10) Құрылымдық бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға құрылымдық бөлімшенің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.
Тілдерді дамыту және үйлестіру
жұмыстары бөлімінің басшысы М.Жанасова
Қазіргі уақытта латын әрпін қолдану, ең алдымен, заман талабы болып отыр. Сондықтан да заманауи технологияларға тәуелді екенімізді мойындап, кез келген жаңа дүниелермен санасқанымыз жөн.
Бүгінгі таңда әлем халқының 75 пайызы қолданатын алдыңғы қатарлы әліпби – латын графикасына көшу ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі.
Бұл бір жағынан қазақ тілінің заңдылықтарын сақтап, кемелденуіне әкелсе, екінші жағынан әлемдік сандық, ғылыми, мәдени, ақпараттық кеңістікке кірігуге көмектеседі.
Сондай-ақ әлемнің әр түкпірінде жүрген қазақтар латын әліпбиін біледі. Еліміз латын әліпбиіне көшкенде оларға қарым-қатынас жасау оңайға түседі.
Жалпы бұл үдеріс жақсы дайындықты қажет етеді. Елімізде қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Латын графикасына көшу бағытындағы материалдық, техникалық, кадрлық, әдістемелік шаралар қалыптастырылады. Әрбір азаматқа толыққанды мүмкіндік жасалып, жаңа әліпбиді тегін оқып-үйренеді.