
1977 жылы 25 мамырда Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында дүниеге келген. 2000 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, 2001 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін бітірген.Мамандығы бойынша біліктілігі - мәдени-тынығу жұмысы көркемдік шығармашылықты ұйымдастыру, қазақ тілі мен әдебиеті
Еңбек жолын 1996 жылы Ақтөбе облыстық телерадиокомпаниясында диктор болып бастаған.
1996-1997 жылдары - “Арна” ақпараттық бағдарламасының аға редакторы
1997-1999 жылдары - Ақтөбе облыстық халық шығармашылығы үйінің методисі
1999-2003 жылдары – «Ақтөбе облысының ішкі саясат департаменті» ММ діни ұйымдармен жұмыс бөлімінің жетекші маманы
2003-2005 жылдары – «Ақтөбе облысының ішкі саясат департаменті» ММ жастармен жұмыс жөніндегі бөлімінің жетекші маманы
2005-2008 жылдары - «Ақтөбе облысының ішкі саясат департаменті» ММ жастармен жұмыс жөніндегі бөлімінің бас маманы
2008-2010 жылдары - «Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы» ММ жастармен жұмыс жөніндегі бөлімінің бастығы
2010-2012 жылдары – Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, өңірлік орталығының біліктілікті арттыру кабинетінің меңгерушісі
2012 жылы – «Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы» ММ мәдени даму, әлеуметтік сала және этносаралық қатынастар мониторингі бөлімінің бас маманы
2012-2013 жылдары – «Ақтөбе облысының мәдениет басқармасы» ММ өнер және тарихи-мәдени мұра бөлімінің басшысы
2013-2017 жылдары – «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ өнер және тарихи-мәдени мұра бөлімінің басшысы
2017-2020 жылдары – «Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы
2020 жылғы 19 қазанда Ақтөбе облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Марапаттары“Мәдениет саласының үздігі” медалімен, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Алғыс хатымен және “Құрмет” орденімен марапатталған