ҚР Еңбек кодексіне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді

ҚР Еңбек кодексіне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді

Құрметті салық төлеушілер!
16 мамыр 2020 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты салық төлеушілердің назарына жеткіземіз.Жұмыс берушінің электрондық еңбек шарттарын енгізу міндеті енгізілді. Еңбек шарттарын электрондық еңбек биржасы порталында тіркеуді жүргізу (www.enbek.kz) және қызметкермен еңбек шартын жасасу және тоқтату, оған енгізілетін өзгерістер және толықтырулар туралы ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың біріңғай жүйесіне енгізу қажет. (Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 23-бабы 2-тармағы)Ақпарат алу үшін: Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтар өз жергілікті округ әкімдіктеріне жолығуға болады.Ал, Шұбарқұдық ауылдық округіне қарасты жұмыс берушілерден Темір аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен Темір аудандық жұмыспен қамту орталығына жолығуларыңыз сұралады.⠀
Телефон: 8/71346/23093, 22295, 23180, 22736