АУДАН ӘКІМІ КЕҢҚИЯҚ ЖӘНЕ САРКӨЛ АУЫЛДАРЫНДАҒЫ ЖОБАЛАРДЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ҚАРАДЫ
⠀
Аудан әкімі Ж.Батырхан Кеңқияқ және Саркөл ауылдық округтеріне жұмыс сапарымен барып, елді мекендерді дамыту мақсатында іске асырылып отырған жұмыстардың барысымен танысты.
⠀
Облыстық бюджеттен бөлінген қаржы есебінен Кеңқияқ және Саркөл ауылдарында спорттық кешен құрылысы жүргізілуде. Бұл елді мекендердегі спорттық орталықтардың жетіспеушілігін
шешіп, жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға ықпал ететін болады. Аталған екі құрылысты келесі жылдың басында аяқтау көзделіп отыр.
⠀
Бұнымен қоса, Шұбарши кентіндегі орталық көше күрделі жөндеуден өткізілуде. «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында іске асып жатырған жоба аясында
8 жергілікті азамат жұмыспен қамтылған.
⠀
Сапары барысында аудан басшысы жобалардың мерзімінде аяқталуының қатаң бақылауға алып, елді мекендерде санитарлық-тазалық жұмыстарын тұрақты жүргізуді тапсырды.