ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕ ЖҰМЫС ЖАСАҒАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЕҢБЕГІ ЕЛЕНДІ
⠀
Аудан әкімінің Кеңқияқ және Саркөл ауылдық округтеріне барған сапарының барысында төтенше жағдай кезінде індеттін таралуына
жол бермеу бағытында жұмыс жүргізген азаматтар арнайы төсбелгімен марапатталды.
Аудан әкімдігі тарапынан даярланған «Төтенше жағдай кезіндегі ерекше еңбегі үшін» төсбелгісіне 5 дәрігер, 3 полиция қызметкері,
1 кәсіпорын өкілі және 3 мемлекеттік қызметші ие болды.
Жиын барысында аудан басшысы Ж.Батырхан марапатталушыларға тұрғындар атынан зор алғыс білдірді.