2020 жылдың 4-ші тамызында Темір аудандық ауруханасына Келдібаев Еркін Мажитұлы мен Алдамжарова Алтынгүл Нұрташқызы өздерінің отбасының атынан құжаттары толық рәсімделген, жалпы құны 1 270 000 теңге тұратын, жоғары сапалы 2 оттегі концентраторын өздерінің қаражаттарына сатып алып, сыйға тартты. Темір аудандық ауруханасының медицина қызметкерлері пандемия кезінде халықымыздың емделіп, жазылып кетуіне және денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан үлесі үшін ауданымыздың азаматтары Келдібаев Еркін Мажитұлы мен Алдамжарова Алтынгүл Нұрташқызына алғысын білдіреді.
Пандемиямен күресуге өздерінің үлестерін қосып, демеушілік жасап отырған жаны жомарт азаматтарға мың алғыс!