ЗЕЙНЕТАҚЫ АННУИТЕТІ ШАРТЫН КІМ ЖАСАЙ АЛАДЫ?

ЗЕЙНЕТАҚЫ АННУИТЕТІ ШАРТЫН КІМ ЖАСАЙ АЛАДЫ?

БЖЗҚ салымшылары өздерінің зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударып, зейнетақы аннуитеті шартын жасаса алады. 

 

Негізгі шарттар: 

- Міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) төлеушілердің жасы 45-тен асуы қажет 

- Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) төлеушілердің жасы 40-тан жоғары болуы тиіс 

- Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% төмен емес мөлшерінде төлемдерді қамтамасыз ететін зейнетақы жинақтарының жеткілікті сомасы болуы керек. Нақты есептеуді сақтандыру ұйымы жасайды. 

 

Маңызды дәйектер: 

- Шарт жасасу үшін таңдалған сақтандыру ұйымына жүгіну қажет 

– Аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемдері ай сайын, бірақ белгілі бір жастан ерте емес: ерлерге 55 жастан, 2024 жылы әйелдерге - 53 жастан жүргізіледі. 

Егер шарт МКЗЖ есебінен жасалған болса, онда бұл адамдар үшін төлемдер олар 50 жасқа толған кезде жүзеге асырылады. 

- Егер жинақ жеткіліксіз болса, ерікті зейнетақы жарналарын пайдалануға болады 

- Шарт ерлі-зайыптылар немесе жақын туыстар болып табылатын екі сақтанушымен бірігіп жасалуы мүмкін 

- Сақтандырылған тұлғалар шарт жасалғаннан кейін екі жылдан кейін төлем мөлшерін азайтып, ақшаны БЖЗҚ-ға қайтару арқылы оның талаптарын өзгерте алады 

- Сақтандыру төлемдері өмір бойы жүзеге асырылады 

- Шарт талаптарын, оның ішінде зейнетақы жинақтарының мұрагерлігі бөлігін мұқият зерделеуді ұсынамыз