“ЖАЙЛЫ МЕКТЕП” ЖОБАСЫ БАҚЫЛАУДА

“ЖАЙЛЫ МЕКТЕП” ЖОБАСЫ БАҚЫЛАУДА

Ақпан айының 26-сы күні аудан әкімі С.Аманбаев “Жайлы мектеп” жобасы аясында салынып жатқан Ж.Кереев атындағы ЖОББМ құрылысы барысымен танысты.

Аудан әкімімен бірге аудан әкімінің орынбасары Р.Құдайбергенов, аудандық білім бөлімінің басшысы А.Өсербаев, Шұбарқұдық ауылдық округі әкімі Б.Сауытов, аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі басшысының м.а Е.Айтмағанбетов барды.

“Жайлы мектеп” ұлттық жобасы аясында аудан бойынша екі білім беру ошағының құрылысы бастау алған болатын. Соның бірі - Шұбарқұдық кентіндегі 600 орындық жаңа мектеп құрылысы. Тапсырыс беруші - «Самұрық Қазына» ӘАҚ. Құрылысты жүргізуші - “Antarium group” ЖШС. Жоба құны – 4 млрд 200 млн тг.

Қазіргі таңда құрылыс нысанын қоршап, техникаларды және жұмыс күштерін жұмылдыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Аудан әкімі:
• мердігер компания өкіліне құрылыс жұмыстарын кешіктірмей бастауды және құрылыс жұмыстарына жергілікті тұрғындарды тартуды, құрылыс жұмыстары барысында адам өмірінің және құрылыс жұмыстарының тиісті қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды;
• Шұбарқұдық ауылдық округінің әкімі Б.Сауытовқа мектеп құрылысының сапалы орындалуын жіті бақылап, құрылыс жұмыстары барысында мердігерге тиісті көмек көрсетуді;
• Аудандық білім бөлімінің басшысы А.Өсербаевқа мектеп ата-аналарын жергілікті БАҚ тетіктерін пайдалана отырып құрылыс барысы жөнінде ақпараттандырып отыруды;
• аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөліміне құрылыс жұмыстарының белгіленген кестеге сәйкес жүргізілуін қадағалауды, мердігер тараптың құрылыс нысанының паспортын орналастыруын қамтамасыз етуді тапсырды.

Берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау аудан әкімінің салаға жетекшілік ететін орынбасары Р.Құдайбергеновке жүктелді.