Қараша айының 21-і күні аудан әкімі С.Аманбаев 20-30 қараша Республика аумағында өткізіліп жатырған жергілікті атқарушы органдармен, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері және еріктілермен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға қатысты.
Шарада құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы атқарылатын жұмыстарға тоқталып, тұрғындар көп шоғырланатын орындарға, сонымен қатар, көшелер мен басқа да қоғамдық орындардағы тәртіпті және профилактиканы күшейту керектігі айтылды.
Қазіргі таңда өзекті мәселеге айналған зорлық-зомбылықтың алдын алу, соның ішінде кәмелетке толмаған жасөспірімдердің құқық бұзушылықтарын профилактикалау жұмыстарын жүргізуді ұсынды.