АМАНАТ ПАРТИЯСЫ ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

АМАНАТ ПАРТИЯСЫ ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

20-шы қараша күні аудан әкімі “Amanat” партиясының фракция отырысында Жол картаның орындалуы бойынша есебіне қатысты.

Отырысқа “Amanat” партиясының Темір аудандық филиалының атқарушы хатшысы А.Нұрғалиев, аудан әкімінің орынбасарлары Ж.Қойшыбаев, Қ.Нұралы, Р.Құдайбергенов, аппарат басшысының міндетін у.а. Ж.Қуанов, аудандық мәслихат депутаттары қатысты.

Отырыста аудан әкімі Темір ауданы бойынша “Amanat” партиясының 2023-2027 жылдарға арналған “Жол картасы” сайлауалды бағдарламасының 2023 жылға арналған тармақтарының орындалуы бойынша тоқталып өтті.

Сонымен қатар аудан әкімінің орынбасары Р.Құдайбергенов қазіргі таңда “Amanat” партиясының 2023-2027 жылдарға арналған “Жол картасы” сайлауалды бағдарламасында 34 тармақ бар оның 30 тармағы 2023 жылы орындауға берілгенін атап өтті.

Осыған сәйкес 2023 жылдың 10 айында сайлауалды бағдарламаға жүргізілген талдау Жол картасының 30 тармағының 24 тармағы яғни 80% орындалғанын, 5 тармақ (16,6%) орындалу сатысында тұрғанын, 1 (3,4%) тармақ бойынша орындалмай қалу қаупі бар екендігін көрсетті.
Сонымен қатар, бөлім басшылары өз салалары бойынша ақпарат берді.

Отырыс соңында аудан әкімі аудан әкімінің орынбасары Р.Құдайбергеновке және тиісті бөлім басшыларына Жол картасының орындалуы бойынша көрсеткіштерді бақылауға алуды тапсырды.