Бүгін, 20.11, аудан әкімі С.Аманбаевтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті.
Мәжіліске аудандық мәслихат төрағасы Б.Шаимов, аудан әкімінің орынбасарлары Ж.Қойшыбаев, Қ.Нұралы, Р.Құдайбергенов, аппарат басшысы А.Сисенов, Шұбарқұдық ауылдық округі әкімінің м.а. Ж.Кенжебай және бөлім, мекеме басшылары қатысты.
Мәжілісте күн тәртібіндегі мәселелер бойынша “Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту” ұлттық жобасын іске асыру барысы бойынша аудандық аурухананың бас дәрігері С.Жанахметовтің баяндамасы тыңдалды.
Мәжіліс соңында аудан әкімі баяндама қорытындысына сәйкес аудандық аурухананың бас дәрігері С.Жанахметовке аудандағы медициналық көмек көрсету деңгейін арттыру бойынша жұмыс жасауды тапсырды.
Аталған тапсырмалардың орындалуын бақылауды аудан әкімінің орынбасары Қ.Нұралыға жүктеді.