Бүгін, 07.11, аудан әкімі С.Аманбаевтың төрағалығымен жиналыс өтті.
Жиналысқа аудандық мәслихат төрағасы Б.Шаимов, аудан әкімінің орынбасарлары Ж.Қойшыбаев, Р.Құдайбергенов, аппарат басшысы А.Сисенов, бөлім, мекеме басшылары қатысты.
Жиналыс барысында:
1. Егін жинау науқанының аяқталу барысы туралы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Е.Жолдығариннің;
2. Салынып жатырған әлеуметтік нысандардың жай-күйі туралы аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Ж.Мыңжасардың;
3. Автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстауға дайындық барысы туралы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А.Құлмұхановтың баяндамалары тыңдалды.
Жиналыс соңында аудан әкімі салынып жатырған аудандық музей, кітапхана, мұрағат, жабық жүзу бассейні құрылыс барысына арнайы мерзімдік кесте әзірлеп, уақытылы аяқтауды қадағалауды, Жақсымай ауылдық клуб үйі мен Темір қаласы әкімдігі ғимаратын қабылдауда техникалық ерекшелікте көрсетілген талаптарға сәйкестігін қатаң бақылауға алуды Ж.Мыңжасарға тапсырды.
Сонымен қатар, автомобиль жолдарын қысқы мезгілде күтіп ұстауға қажетті техникаларын дайындығын пысықтауды А.Құлмұхановқа тапсырды.