Құрметті Ақтөбеліктер! 1 қыркүйекте Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталады. Президенттік жастар кадр резерві Қазақстанның жаңа басқарушылар элитасын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік лифт

Жобаға 35 жастан аспаған, жоғары білімді, мемлекеттік тілді меңгерген, кемінде 5 жыл еңбек өтілі бар ҚР азаматтары қатыса алады. Іріктеу мемлекеттік басқарудың негізгі салалары бойынша жүргізіледі.

Президенттік жастар кадр резервіне қатысу үшін pkrezerv.gov.kz сайтында өтініш беру қажет. Барлық кезеңнің кешенді нәтижелері бойынша Ұлттық комиссия 50 кандидаттың тізімін қалыптастырады.  

         Резервке алынған адамдар заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік саяси лауазымдарға, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына,
«Б» корпусының басшылық лауазымдарына және «Б» корпусының А санаттар тобының лауазымдарына тағайындалуы мүмкін.

Президенттік жастар кадр резервіне қатысып, ел дамуына өз үлесіңді қос!