«ZHASTAR FEST 2023» ЖАСТАР МЕРЕКЕСІ АТАП ӨТІЛДІ

«ZHASTAR FEST 2023» ЖАСТАР МЕРЕКЕСІ АТАП ӨТІЛДІ

12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «ZHASTAR FEST 2023» мерекелік концерт өтті.

Шара барысында аудан әкімінің м.а. Ж.Қойшыбаев жастарды атаулы мерекемен құттықтады.

Сонымен қатар жыл бойы ауданның дамуына үлес қосқан, мемелекеттік бағдарламаларға қатысқан және жастар ресурстық орталығы алғаш құрылған кезеңдерінде қызмет еткен бір қатар азаматтар аудан әкімі С.Аманбаевтың алғыс хатымен марапатталды.

Шара соңында ауданның «Jana Lep» жастар жобасы құрамының өнерпаз жастарының гала концертімен жалғасып, мерекелік отшашу шашылды. @temir_zhastar