Шілде айының 24-і күні аудан әкімі С.Аманбаев Жақсымай ауылдық округіндегі 150 орындық мәдениет ошағының құрылысына шолу жасады.
"Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 172 204,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 19 134,0 мың теңге қаражат бөлінді.
Бас мердігер - "Стронеф" ЖШС. Жоба куаттылығы - 150 орындық.
Қазіргі таңда сыртқы су, электр, кәріз желілері жүргізіліп, қазандықтың іргетасы қаланды және қабырғаларын калау жұмыстары жүргізілді.
Құрылыс жұмыстарын көрген аудан басшысы құрылыс басында жауапты басшыларға жұмысты кестеге сай аяқтап, ғимаратты тездетіп пайдалануға беруді тапсырды.
Аталған тапсырмалардың орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Құдайбергеновке жүктелді .