АУДАН ӘКІМІ "АЛТЫН АЛҚА" ЖӘНЕ "КҮМІС АЛҚА" ИЕГЕРЛЕРІН МАРАПАТТАДЫ

АУДАН ӘКІМІ "АЛТЫН АЛҚА" ЖӘНЕ "КҮМІС АЛҚА" ИЕГЕРЛЕРІН МАРАПАТТАДЫ

Мемлекет басшысының жолдауында аналардың жағ­дайына, көпбалалы және мү­гедек балаларды тәрбиелеп отыр­ған отбасыларды қолдауға баса мән берді.

Осыған сәйкес, аудан әкімі С. Аманбаев Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 24 наурыздағы №151 Жарлығымен аудан орталығының 4 анасына "Алтын алқа" және 3 анаға "Күміс алқа" төсбелгілерін салтанатты түрде табыстады.

Аудан әкімі алтын құрсақты аналарды келе жатқан мамыражай мамыр мерекесімен құттықтап, аналарға ізгі ілтипаты мен алғысын білдірді.

Айта кетері, қазіргі таңда аудан бойынша "Алтын алқа" иелерінің саны - 145, "Күміс алқа" иегерлерінің саны – 487, "Батыр ана" атағымен - 37, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен -103 наградталған аналар бар.